ALPAMYS SCHOOL

Мектеп туралы

800+

оқушы

≤ 22

сыныптағы оқушы саны

20+

Ұлт өкілдері

1:8

Оқушылар мен оқытушылар қатынасы

МЕКТЕП МИССИЯСЫ

Әр оқушы шабыттанатын, өзінің әлеуетін барынша аша алатын және заман талаптарын жауапты азамат тұрғысынан қабылдайтын білім ортасын құру

МЕКТЕП ҰРАНЫ

БҮГІН ЖӘНЕ ҚАЗІР, БОЛЖАЙ БІЛ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛ

«Бүгін және қазір, болжай біл және алдын ал» ұранын іске асыру үшін мектеп қолда бар барлық ресурстарды толық пайдалануға тырысады.

Оқушыларымыз басқалар қиындықтарды көретін жерде жаңа мүмкіндіктерді көре алатын табысты көшбасшы болуы үшін біз өткеніміз бен келешегіміздің арасындағы үйлесімді сабақтастыққа ұмтыламыз.

Біздің мақсатымыз – жай ғана уақыт ағымына ілесу емес, заман талабына бейім,  болашағын болжай білетін, қиындықтың алдын алатын тұлға қалыптастыру.

ҰСТАНЫМ

Алпамыс мектебі – әртүрлі мәдениеттер тоғысқан, баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін балалар, ата-аналар мен мұғалімдердің бірегей қауымдастығы.

Алпамыс мектебінде жаһандық азаматтықтың төрт қағидасы білім мен тәрбие үрдісінде ұтымды үйлесімін тапқан:

  • Барлық адамдарды құрметпен қабылдау;
  • Мұқтаждарға көмектесу;
  • Қоршаған ортаны қорғау;
  • Бейбітшілік үшін қызмет.

БІЗДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Алпамыс мектебінің құндылықтары барлық іс-әрекетті жүзеге асыруда басшылыққа алатын практикалық нұсқаулық болып табылады.  

Құндылықтар біздің  мінез-құлқымызды, оқу процесіне көзқарасымызды және бір-бірімізге деген қатынасымызды анықтайтын басты факторлар. Біздің құндылықтарымыз шабыттандыратын оқуға ықпал ететін бірегей ортаны құрайды.

ЖАУАПКЕРШІЛІК

Алпамыс мектебінде біз оқушыларымызды қоршаған әлемге оң өзгерістер енгізе алатын жауапты тұлға болуға ынталандырамыз.
Біз оқушыны өз әрекеті мен жасаған ісіне жауапкершілікпен қарауға, сол іс-әрекет әсерінің қандай болатынын түсінуге үйретеміз. Мектебімізде оқушылар өзін-өзі тануға және ортақ игіліктерге үлес қосуға үйренеді.
Біз үшін жауапкершілік жай ғана парыз емес, мықты мінез бен азаматтықты қалыптастырудың негізгі элементі.

СЫЙЛАСТЫҚ, ҚҰРМЕТ

Алпамыс мектебінде ұлттымыздың мәдениетін, өзіміздің ғана емес, басқа халықтардың да тарихы мен дәстүрін құрметтеуге шақырамыз. Біз әртүрлі мәдениеттер мен көзқарастарды құрметтеуге үйрету арқылы әртүрлілікті түсінуге, толеранттылықты дамытуға ұмтыламыз.
Сонымен қатар, біз табиғатты құрметтеуге көп мән береміз. Өзін-өзі тану, мәдени мұраны және табиғатты құрметтеу – оқушыларға сіңіретін құндылықтардың ажырамас бөлігі.

АДАЛДЫҚ

Алпамыс мектебінде оқушыларымызды өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға және өзара шынайы қарым-қатынаста болуға шақырамыз.
Мектептегі оқу-тәрбие үрдісі барысында балалардың өз қателіктерінен сабақ алуына және оларды түзетуге деген ұмтылысын тудыруға мән береміз.
Алпамыс мектебінде біз тек білім беріп қана қоймаймыз, сонымен қатар оқушыларымыздың өмірде адал, ашық және жауапты тұлға болып қалыптасуына көмектесетін құндылықтарды дамытамыз.

КӨШБАСШЫЛЫҚ

Алпамыс мектебінде болашақ көшбасшыларды қалыптастырамыз. Біздің оқушылар белсенді болуға, алдына нақты мақсаттар қоюға және басым бағыттарды дұрыс анықтауға үйренеді.
Алпамыс мектебінде көшбасшылық – бұл жай ғана дағдылар жиынтығы емес, ол оқушыларға өз мүмкіндіктерін сәтті жүзеге асыруға және қоршаған әлемге оң өзгеріс енгізуге мүмкіндік беретін өмір салты.

ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ

Толеранттылық – Алпамыс мектебінің басты құндылықтарының бірі. Біз адамдардың ерекшелігін бағалауға және құрметтеуге, әр адамның сезімін, тілектерін, құқықтары мен дәстүрлерін ескеруді үйренуге шақырамыз.
Мектеп оқушылардың қарым-қатынас жасау қабілетін дамыта отырып, әртүрлі адамдар мен идеялар қоғамдастығында өмір сүруге дайындайды. Біз басқалардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірмей, тең құқықтар мен мүмкіндіктерге ие болуын қолдаймыз.
Алпамыс мектебі оқушының айырықша ерекшеліктерін ескере отырып өз әлеуетін аша алатын толерантты білім беру ортасын құруға тырысады.

ЖАЙЛЫЛЫҚ

Жанға жайлы мектеп, комфорт аймағын құру – Алпамыс мектебінің айқын мақсаты.
Мектебімізде оқушының өзін-өзі дамыта алуы, денсаулықты сақтау, жағымды эмоциялар тудыру, психологиялық жайлылық ұғымдары маңызды рөл атқарады.
Біз оқушылардың жақындарымен және басқа адамдармен үйлесімді қарым-қатынас орнатуына жағдай жасаймыз, жеке мақсаттарға жетуіне көмектесу арқылы болашаққа сенімді көзқарасын қалыптастырамыз.

АШЫҚТЫҚ (Транспаренттілік)

Алпамыс мектебі – ашық мектеп, сондықтан оның ақпараттық саясатында ашықтық ерекше орын алады. Біз қоғаммен кең байланыс жасай отырып, мектептің мақсаттары, оны іске асыру жолдары және қол жеткізген нәтижелері туралы ақпараттың қолжетімді болуын қамтамасыз етуге ұмтыламыз. Біздің мектепте әрбір оқушы батыл болуға және жаңа мүмкіндіктерге ашық болуға талпынады. Ашықтық арқылы әрбір оқушының әлеуетін дамытуға, мектеп өміріне белсенді араласуына және идеялар алмасуына қолдау көрсетеміз.

АЛПАМЫС МЕКТЕБІ – МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІ

Алпамыс мектебі - өзара сыйластық пен оқуға деген сүйіспеншілікке негізделген, оқушылардың әртүрлі салада дамуына мүмкіндік беретін толық күн мектебі.

ЖАЙЛЫЛЫҚ

Alpamys School балалардың дағдылары мен функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған қауіпсіз, қолайлы және жайлы білім беру ортасын ұсынады.

Мектептің жалпы ауданы  – 28 500 м²

  • Қауіпсіздік жүйесі
  • 3 спорт залы
  • 2 бассейн;
  • Құзға шығу қабырғасы;
  • Оқу кабинеттері мен  зертханалар;
  • Кітапхана;
  • 420 көрерменге арналған акт залы;
  • 700 орындық асхана
  • Медициналық қызмет
  • Психологиялық қызмет
  • Hub —- инженерлік-техникалық білім мен қолданбалы өнерді, оқушылардың шығармашылық жобаларын дамытуға бағытталған алаңдар

ДАМУ

Alpamys School мұғалімдері оқушылардың қызығушылықтары мен жеке ерекшеліктерін ескере отырып, заманауи педагогикалық тәсілдерді оқыту үрдісінде тиімді пайдалануға ұмтылады.

Мектеп:

  • Функционалдық сауаттылық пен құзыреттілікті дамытуға бағытталған оқыту үрдісін;
  • Нақты мәселелерді шешу, зерттеу және жобалау тұрғысында ұйымдастырылған оқытудың проблемалық тәсілін;
  • Инженерлік-техникалық білім мен қолданбалы өнерді дамытуға бағытталған STEM/STEAM біріктірілген оқыту тәсілін;
  • Оқушылардың қажеттіліктері мен сұраныстарына бағытталған жеке сабақтар ұсынады.

ШАБЫТТАНУ

Alpamys School-да әр оқушы өзін түрлі салада сынап, өз қызығушылығы бойынша бейімі мен дарынын танып, қабілеттерін дамыта алады.

Мектеп ұсынады:

  • 20-дан астам үйірмелер мен клубтар – хореография, робототехника, саз балшық өнері, 3-D модельдеу, ағаш өңдеу, кескіндеме;
  • футбол, баскетбол, волейбол, жүзу, каратэ, гимнастика, шахмат, өрмелеу, теннис сияқты командалық және жеке спорт түрлері бойынша секциялар;
  • вокал, домбыра, және фортепиано, кахон сияқты музыкалық аспапта ойнауды үйрету, сондай-ақ мектептің вокалды-аспаптар ансамблі мен «Мелодика» ансамбліне қатысу мүмкіндігін;
  • Шығармашылық байқаулар мен фестивальдар, спорттық жарыстар

Құрметті достар!

Алпамыс мектебі барынша қолайлы оқу ортасын құруға ұмтылады.

Мектебімізде әрбір балаға көмектесуге және қолдауға дайын білікті мамандар, жоғары нәтижеге жетуге тырысатын өршіл мұғалімдер жұмыс істейді. Олар кішкентай Алпамыстарымыз үшін үздіксіз оқуға,  шәкірттерімен  бірге және шәкірттерінен сабақ алуға әрқашан дайын.

Біз  пікірталастарға, ой бөлісуге, ынтымақтастыққа әрқашан ашықпыз!

Сіздерді білім беру мен тәрбие саласындағы түйткілді мәселелерді бірге талқылауға шақырамыз.

Құрметпен, мектеп директоры

Жәкенов Мейрам Әміржанұлы

Директорға жазу
director

Өзіңіз үшін Алпамыс мектебін ашыңыз

Посмотреть на карте Астаны

Жаңалықтарымызды жіберіп алмаңыз

Alpamys School. Шексіз мүмкіндіктер әлеміне есік ашыңыз!

Оқу

«ALPAMYS — ТЕАТР МЕКТЕБІ» ШАҚЫРАДЫ

Оқу

«АЛПАМЫС QAZAQ ONER: ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ОРТАЛЫҒЫ» ШАҚЫРАДЫ!

Оқу

АЛПАМЫС МЕКТЕБІ МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАЦИЯДАН СӘТТІ ӨТТІ

Оқу

03.06.2024

ALPAMYS SCHOOL — РОБО ҒАЛАМ

Оқу

АЛПАМЫС МЕКТЕБІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ЕМТИХАН БАСТАЛДЫ

Оқу

Халықаралық мектептер кеңесі (CIS) – білім беру стандарттарының жоғары деңгейін ілгерілетуге және қолдауға бағытталған коммерциялық емес ұйым.

Бүгінгі таңда Кеңес 123 елден 729 мектепті, 556 университет пен колледжді біріктіреді, сонымен қатар әлемнің 50 үздік университетімен ынтымақтастық орнатқан.

БҰҰ – бұл бір-бірімен ынтымақтасуға және әлемдегі мәселелерді бірлесе шешуге көмектесетін Біріккен Ұлттар Ұйымы. БҰҰ екінші дүниежүзілік соғыстан кейін болашақ қақтығыстардың алдын алу және біздің планетамызды адамзат үшін жақсы орынға айналдыру мақсатында құрылды.

Ол әлемнің 193 елін біріктіріп, бейбіт идеяларды таратумен және адам құқықтарын қорғаумен айналысады.

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕРІМІЗ

01
01
01