Alpamys School мектебінің психологиялық қызметі қолайлы да жайлы білім беру ортасын құруға ұмтылады. Біз психологиялық ахуалдың табысты оқыту мен жеке тұлғаның дамуы үшін маңызды екеніне сенеміз және оқушыларға әртүрлі аспектілер бойынша қолдау көрсетуге дайынбыз.
Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу процесіне психологтармен қатар директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері, пән мұғалімдері, медицина қызметкерлері қатысады және олар лауазымдық міндеттеріне сәйкес ата-аналармен өзара байланыс жасайды.
Эмоционалды ахуалды сүйемелдеу: Біз оқушылар өз эмоцияларын еркін білдіре алатын, қуаныш-қайғысымен бөлісетін және қолдау таба алатын қауіпсіз орта құруға тырысамыз.
Әлеуметтік дағдыларды дамыту: біздің жұмысымыз оқушыларға басқалармен қарым-қатынасты нығайтуға, коммуникативті дағдыларды дамытуға және ұжымда өзара әрекеттесуге көмектесуге бағытталған.
Оқушыларды оқыту, дамыту және тәрбиелеудегі қиындықтарды анықтау, бақылау, диагностикалау. Сондай-ақ оқушылар мен ата-аналардың ауызша немесе жазбаша өтініштері бойынша зерттеу жүргізу.
Психологиялық бейімделу: Мектепке жаңадан келген оқушыларға жаңа ортаға оңай бейімделуге көмектесу, сонымен қатар өмірде қиын жағдайларға тап болған оқушыларға көмек қолын созу.
кәсіби этиканы сақтау;
балаға құрмет көрсету;
оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескеру;
баланың құқықтары мен мүдделерін сақтай отырып, ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету.
ДИАГНОСТИКАЛЫҚ БАҒЫТ:
Диагностикалық жұмысты жеке және топта жүргіземіз. Мектеп психологтары оқушылардың эмоционалды жағдайын бағалауды, интеллектуалды және танымдық қабілеттерін талдауды, сондай-ақ жеке ерекшеліктері мен мінез-құлық тенденцияларын қамтитын зерттеулерді жүйелі жүргізеді.
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АҒАРТУ ІСІ:
Психологиялық-педагогикалық кеңестер жеке өсуге, сондай-ақ оқушылардың өзін-өзі тануына ықпал етуге бағытталған.
Жеке кеңес беру:
Психологтар оқушылар тап болған қиындықтарды талқылау, оларды шешу, және стрессті жеңу үшін жеке кездесулер өткізеді.
ҰЙЫМДАСТЫРУ-ӘДІСТЕМЕЛІК БАҒЫТ:
Көрсетілген психологиялық-педагогикалық қолдау нәтижелерін талдап, оны жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлейді.
Мектеп психологтары психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік сүйемелдеу технологияларын игеру бойынша мұғалімдерге арналған семинарлар, тренингтер мен кеңестер ұйымдастырады.
АТА-АНАМЕН ЖҰМЫС:
Психологиялық қызмет ата-аналармен өзара байланыста болып, балаларды тәрбиелеу және оларға қолдау көрсету бойынша ұсыныстар мен кеңестер береді.
Егер сіз мектеп оқушысы болсаңыз және сіз отбасында немесе мектепте зорлық зомбылыққа ұшырасаңыз …
Егер сіз ата-ана болсаңыз және балаңыздың дамуына, оқу үлгеріміне, балалармен немесе ересектермен қарым-қатынас жасау мәселелеріне қатысты алаңдаушылықтарыңыз немесе уайымдарыңыз болса біз сізді мектептің психологиялық қызметінің мамандарынан кеңес алуға шақырамыз.
Жұмыс кестесі
Мектептің психологиялық қызметі оқушыларға, олардың ата-аналарына дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін қол жетімді. Төтенше жағдайлар туындаған кезде кеңестер жұмыстан тыс уақытта «Сенім телефонына» қоңырау шалу арқылы беріледі.
Мектеп психологтары сізге білікті көмек көрсетуге, қиындықтарды шешуге және эмоционалдық көңіл-күйіңіз үшін қолайлы орта құруға көмектесуге әрқашан дайын. Біз қиындықтарды бірлесе жеңеміз және үйлесімді, жайлы білім беру ортасын бірге құрамыз!
Сенім телефондары
+7 707 851 7773Пошта
info@alpamys.edu.kzБАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БОЙЫНША 150 БІРЫҢҒАЙ СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «шұғыл қызмет 111» байланыс орталығы
Microsoft Teams, Zoom платформаларында, WhatsApp желісінде тақырыптар бойынша онлайн режимінде Жеке және топтық кеңес беру —