ALPAMYS HUB: ҒЫЛЫМ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕМІНЕ ҚАДАМ!

 

ALPAMYS HUB – ғылым, технология және шығармашылық салаларында оқушылардың әлеуетін ашуға жағдай жасайтын бірегей мектеп орталығы. Мұнда балалар шығармашылықпен ойлау, жобалау дағдыларын дамытады, топта жұмыс істеуге  үйренеді,  өнертабыстар мен «шешілмеген» техникалық мәселелердің жаңа шешімдерін табуға машықтанады.

ALPAMYS HUB 2022 жылы құрылған және заманауи жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған.

ALPAMYS HUB тұрақты даму үстінде, онда оқу бағдарламалары мен зертхана жабдықтары үнемі жаңарып отырады.

 

ALPAMYS HUB – бұл:

  • Кәсіби жабдықталған оқу зертханаларында өтетін инженерлік және технология саласындағы дағдыларды дамытуға көмектесетін білікті тәлімгерлердің қызықты сабақтары.
  • Жасанды интеллект негіздерімен танысу, нейрондық желілерді зерттеу және өз идеяларын жинақтау.
  • Әртүрлі сыныптардан жиналған жаңа достар командасында әр бала өз идеяларына қолдау мен шабыт табатын бейресми шығармашылық атмосфера.
  • Ата-аналармен және сарапшылармен бірге «Идеялар жәрмеңкесінде» өз жобаларын ашық талқылау мүмкіндігі, бұл оқушылардың қарым-қатынас дағдыларын және өзіне деген сенімділігін дамыту.
  • Әр оқушы инженерлік салада және шығармашылықта өзінің қабілеті мен дарынын көрсете алатын қалалық және республикалық жарыстарға, байқаулар мен олимпиадаларға қатысу.
  • Тәжірибе, болашағы зор іске деген құштарлық, келешектегі қызмет саласын таңдауға және табысты болуға көмектесетін болашақ мамандықты саналы таңдау мүмкіндігі.

 

Балалар технопаркінің жұмысында жасанды интеллектті (ИИ) енгізу және пайдалану оқу мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді, оқушылар үшін процесті тиімдірек және қызықты етеді, сонымен қатар оларды инженерлік қызметтің заманауи талаптарына дайындайды.

Балалар ықыласпен оқитын жоғары білікті мұғалімдердің арқасында мектеп оқушылары 2024 жылы олимпиадалар мен жарыстарда * астам жүлделі орындарға ие болды.

ALPAMYS HUB ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ:

ALPAMYS HUB-те мектеп оқушылары келесі бағыттар бойынша қабілеттерін дамытады:

ҒЫЛЫМ

  • Физика тәжірибелерде;
  • Биология. Қадам-қадаммен;
  • Математикалық ойындар мен басқатырғыштар;
  • Химия. Қадам-қадаммен;
  • ШАХ және МАТ;
  • Жасанды интеллект және нейрожелілер.

  ТЕХНИКА

  • Программалау және робототехника;
  • Аэроғарыштық модельдеу;
  • IT-Design.

 

СӘНДІК-ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР

  • Ағаш өңдеу;
  • Киім үлгісін жасау, пішу, тігу;
  • Саз балшық шеберханасы;
  • Бейнелеу студиясы;
  • Ермексазбен мүсіндеу.

 

СҰРАҚ – ЖАУАП

Әр білім беру бағдарламасының сипаттамасында балалардың болжамды жасы (сыныптары) көрсетілген және ол бағдарламаның күрделілігіне байланысты.

ALPAMYS HUB-та ақылы және ақысыз білім беру бағдарламалары бар.

Сабақтар 16,00 сағаттан кейін, Alpamys school оқушысының кестесін ескере отырып, аптасына 1,2,3 рет 1-2 академиялық сағаттан өткізіледі.

Курсқа жазылу үшін қыркүйек айында, қабылдау науқаны аясында, мектеп сайты арқылы онлайн өтініш беру қажет.

Ата-аналарға арналған Ашық есік күні жыл сайын наурыз айында өткізіледі, сондай-ақ ата-аналар оқушылардың соңғы жобаларының тұсаукесеріне шақырылады.

Жеке экскурсиялар алдын ала жазылу бойынша ғана жүргізіледі.

Бірден 2-3 білім беру бағдарламаларына жазылуға болады.

Білім беру бағдарламаларына қабылдау оқушылардың қалауы мен қызығушылығы бойынша конкурссыз негізде жүргізіледі.

ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

7-11 сынып

ХИМИЯ. ҚАДАМ-ҚАДАММЕН

7-11 сынып

ФИЗИКА ТӘЖІРИБЕЛЕРДЕ

7-8 сынып

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ НЕЙРОЖЕЛІЛЕР

6-11 сынып

БИОЛОГИЯ. ҚАДАМ-ҚАДАММЕН

5-11 сынып

МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР МЕН БАСҚАТЫРҒЫШТАР

1-11 сынып

ШАХ және МАТ

5-11 сынып

БАҒДАРЛАМАЛАУ ЖӘНЕ РОБОТОТЕХНИКА

7-11 сынып

АЭРОҒАРЫШТЫҚ МОДЕЛЬДЕУ

7-11 сынып

IT-DESIGN

2-7 сынып

АҒАШ ӨҢДЕУ ЗЕРТХАНАСЫ

5-11 сынып

КИІМ ҮЛГІСІН ЖАСАУ, ПІШУ, ТІГУ

1-11 сынып

САЗ БАЛШЫҚ ШЕБЕРХАНАСЫ

5-11 сынып

БЕЙНЕЛЕУ СТУДИЯСЫ

1-5 сынып

ЕРМЕКСАЗБЕН МҮСІНДЕУ