Alpamys School: Ас - адамның арқауы!

Алпамыс мектебінде біз оқушылардың денсаулығы мен оқудағы жетістіктері үшін құнарлы және теңгерімді тамақтанудың маңыздылығын  жақсы түсінеміз!

Мектеп асханасы – қамқорлық пен жайлылық орны

Мектеп асханасы барлық қажетті құралдармен жабдықталған: озық технологиялық жабдықтары бар тамақ дайындау орны, азық-түлік сақтайтын қоймалар, 700 орындық тамақтану залы бар.

Төрт мезгілдік ыстық тамақ

Мектеп күніне төрт мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етіп, оқушыларды жақсы оқуға және сабақтан тыс іс-шараларға қатысуға қуаттандырады.

 

Мектеп асханасының жұмысы «RAISIN» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен ағымдағы келісім аясында қамтамасыз етіледі.  Астана қаласы, Түркістан көшесі, 2 үй.

директор — Соколов Олег Олегович.

Мектеп асханасының ұжымы 21 адамнан құралған, барлығы да жоғары білікті мамандар.

Әрбір табақта - сапа мен қамқорлық:

Асхана қызметкерлері дұрыс дайындалған тәтті тағамды балаларға ұсына отырып, қамқорлық пен сапаны қамтамасыз ететінін мақтан етеді. Біз қызмет көрсетудің жоғары стандарттарын басшылыққа ала отырып,  барлық нормалар мен ережелерді, соның ішінде «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды» (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № МЗ-76 бұйрығы) қатаң сақтаймыз.

 

Асханада қолданатын әрбір өнім сапасы мен шығу тегі бойынша мұқият тексеріледі. Біз қауіпсіздік пен дәм стандарттарына сәйкес келетін ең жақсы, таза, сапалы ингредиенттерді ғана ұсынуға ұмтыламыз.

Нормалар мен ережелерді қатаң сақтау

Асхана жұмысы қауіпсіздік ережелеріне, өрт қауіпсіздігіне, сонымен қатар санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келеді.

Қызмет көрсетуді ұйымдастырудың әр кезеңінде біз оқушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін ең жоғары стандарттарды ұстанамыз. 

Денсаулық сақтау

Ас құнарлығын, тағам калориясын бақылау да біздің команданың басты  назарында. Мектептің медициналық қызметкері технологиялық процестердің барлық стандарттарының сақталуын, оқушылардың денсаулығына әсерін мұқият қадағалайды.

Салауатты өмір салтына мән беру

Біз оқушыларымызға  өз денсаулығына құрметпен қарап, оны сақтаудың маңыздылығын үнемі түсіндіреміз. Дұрыс тамақтану принциптерін насихаттай отырып, біз әртүрлі тағамдар мен пайдалы ингредиенттерге бай мәзір жасауға ұмтыламыз. Бізбен бірге дастарханға жасалған әр қадам – ​​оқушы ағзасы мен ақыл-ойын нығайтуға жасалған қамқорлық  қадамы!

Сынып жетекшілерінің қамқорлығы

Тәжірибелі аспаздармен қатар сынып жетекшілері де мектеп асханасындағы тамақ сапасын жіті бақылайды. Сынып жетекшілері асханада тамақтану және оқушылардың өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастыруға көп көңіл бөледі.

Кесте дәлдігі мен оның қатаң сақталуы

Оқушылардың дәмді тағамдарды уақытында қабылдауы үшін біздің аспаздар мен асхана қызметкерлері ас дайындау процесінің әрбір кезеңін қатаң бақылайды.

Таңғы ас

Уақыт

1-3 сыныптар

8.15 – 8.35

Екінші таңғы ас

Уақыт

1-3 сыныптар

11:00 - 11:20

Түскі ас

Уақыт

1-3 сыныптар

12:55 - 13:35

Түстен кейінгі ас

Уақыт

1-3 сыныптар

15:55 - 16:20

Таңғы ас

Уақыт

4-11 сыныптар

9:25 - 10:05

Екінші таңғы ас

Уақыт

4-11 сыныптар

12:10 - 12:50

Түскі ас

Уақыт

4-11 сыныптар

14:25 - 14:55

Түстен кейінгі ас

Уақыт

4-11 сыныптар

17:00 - 17:15

МЕКТЕП АСХАНАСЫНДАҒЫ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ:

Мектеп асханасындағы ережелер өзара құрмет, тәртіп пен қамқорлықты қамтамасыз етуге бағытталған.

 Уақытты сақтау: асханаға асықпаңыз, белгіленген уақытта ғана сыныппен бірге барыңыз;

Тамақты асықпай мұқият шайнау керек, алайда белгіленген тамақтану уақытынан ұзақ отырмауға тырысыңыз.

 Қауіпсіздікті сақтау: абайлап жүріңіз, өзіңізге және айналаңыздағыларға қауіп төндіретіндей жүгіруден және басқа әрекеттерден аулақ болыңыз. Үстелден тұрғанда асықпаңыз, орындығыңызды орнына қойып, ұқыпты болыңыз.

 Тазалық пен тәртіп: үстелге отырмас бұрын қолыңызды мұқият жууды ұмытпаңыз; өз орныңызда және айналаңызда тазалықты сақтаңыз. еденге бірдеңе түсіп кеткенін байқасаңыз, оны көтеріп, қоқыс жәшігіне тастаңыз;

 Қызметкерлерге құрмет: асхана қызметкерлерінің еңбегіне құрметпен қараңыз.

 Ыдысаяқты ұқыпты ұстау: ас құралдарын дұрыс қолданыңыз: қай тағамдарды қасықпен, қайсысын шанышқымен жейтінін ұмытпаңыз; ыдыс-аяқ пен ас құралдарын абайлап қолданыңыз. Тамақтанғаннан кейін оларды белгіленген тазалау орындарына қойыңыз.

 Диеталық талаптар: егер сіздің денсаулығыңызға байланысты арнайы диеталық қажеттіліктер болса, дұрыс мәзірді қамтамасыз ету үшін сынып жетекшісіне алдын ала хабарлаңыз.

 Ұстамдылық: асханада тыныштық пен достық атмосфераны сақтауға тырысыңыз.

 Айналаңыздағы адамдарға құрмет: айналаңыздағы адамдардың жайлы ортасы мен жеке кеңістігін құрметтеңіз. Олардың тамақтанудан ләззат алуына кедергі жасамаңыз.

Мектептің барлық аймақтарында балалардың су ішу орындары ойластырылған

Асхана келушілерге арналған қол жуғыштармен,  антисептикалық өнімдермен, қолды кептіруге арналған құралдармен жарақтандырылған.