Alpamys School мектебінің 10-11 сыныптарында білім берудің ерекшелігі – түлектерді кәсіптік жоғары білім беру бағдарламаларын табысты игеруге дайындауға бағытталған бейіндік оқытуға көшу.
Біздің басты мақсатымыз – оқушыларға кәсіптік бағдар беру, олардың табысты академиялық дайындығын қамтамасыз ету, жоғары оқу орындарына түсуге қажет дағдылардың кең спектрін дамытуға қолайлы білім беру кеңістігін жасау.
Alpamys School оқу бағдарламасы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға негізделеді.
Мектеп түлектері ҰБТ, IELTS халықаралық ағылшын тілі тестін және американдық SAT емтиханын тапсыра алады.
10-11 СЫНЫПТАРДА БЕЙІНДІ ОҚЫТУДЫҢ МІНДЕТТІ ОҚУ ПӘНДЕРІ
оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін
оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін
Таңдау бойынша пәндер:
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық.
10-сыныпта оқушылардың практикалық іскерліктері мен дағдыларын
дамыту, сонымен қатар әскери істерді оқуға деген қызығушылықты
қалыптастыру мақсатында оқу жылының соңында әскери бөлімдердің
базаларында 30 сағат көлемінде бес күндік далалық (лагерь) оқу-жаттығу жиындары өткізіледі.
АПТАЛЫҚ ОҚУ ЖҮКТЕМЕСІНІҢ ЕҢ ЖОҒАРЫ КӨЛЕМІ:
10-сынып – 33 сағат
11- сынып – 33 сағат
ҚОСЫМША КУРСТАР — МЕКТЕП КОМПОНЕНТІ
10-11 сыныптар –TOEFL, IELTS дайындық сағаты; English -2; ағылшын тіліндегі математика – 1, шетел мұғалімімен Speaking -1.
ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ҰСТАНЫМДАРЫ
Alpamys School мектебінде 10-11 сыныптарда оқыту процесін ұйымдастыру оқыту мен тәрбиелеу бірлігі қағидатына бағдарланған. Біз оқушыларды ізденуге, мәселелерді талқылауда белсенділік танытуға, көзқарасын дәлелдеуге, сындарлы шешім қабылдауға деген ынтасын танытуы үшін интерактивті оқыту әдістерін пайдалануды қарастыратын Академиялық саясатты ұстанамыз.
Проблемаға негізделген оқыту:
Ынтымақтастық және командалық жұмыс:
Практикалық сабақтар:
Жобалық жұмыс:
Оқытудың интерактивті әдістері:
Дифференциалды оқыту:
НАШ ДЕНЬ: ШАГ ЗА ШАГОМ
БОЛАШАҚТЫ ЖОБАЛАУ: МАНСАПТЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ
Біз түлектеріміздің болашақ оқу орны мен мансабын сәтті таңдауына, өзінің келешектегі кәсібін дұрыс анықтауына көп көңіл бөлеміз.
Біздің мақсатымыз – жоғары сынып оқушыларына олардың мүдделері мен қабілеттеріне, қызығушылықтарына және өмірлік мақсаттарына сәйкес келетін дұрыс таңдау жасауға көмектесу.
Мектепте жоғары сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру бойынша арнайы маман-кеңесші жұмыс істейді. Ол түрлі мамандық иелерімен, компаниялардың өкілдерімен кездесулер өткізіп, жастарға бағыт-бағдар береді, жоғары оқу орнын таңдауға көмектеседі.
Кәсіптік бағдар беру жөніндегі кеңесші түлектерге тұрақты қолдау көрсетеді. Мектеп кеңесі университеттік өтінімдерді жоспарлауды бастау үшін мектеп оқушыларымен жеке кездесулер өткізеді. Мектеп түлектері таңдаған университеттеріне мотивациялық хат, түйіндеме, құжат тапсыру бойынша жұмысты мектеп бітіргенге дейін бастайды, қабылдау комиссиясының сұхбаттарына дайындық жүргізеді.
Кәсіптік бағдар беру кеңесшісі мұғалімдермен бірге жоғары сынып оқушыларының академиялық қызығушылықтарын, үлгерімін, сыныптан тыс жұмысын және жеке мүдделерін талқылай отырып, орта мектептен жоғары оқу орнына кедергісіз ауысуға көмектеседі.
Біздің мұғалімдер оқушылардың академиялық қызығушылықтары мен үлгерімін саралай отырып, кәсіби бағдар беру кеңесшісімен бірге 10-11 сынып оқушыларын отандық және шетелдік университеттерге түсуге даярлайды, бағдарлау курстарының сериясын ұйымдастырады.
Оқушы саны аз шағын сыныптарда оқыту біздің пән мұғалімдерімізге әр түлектің қажеттіліктері мен қабілеттерін егжей-тегжейлі бағалауға, нақты ұсыныстар мен қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ТҮСУГЕ ДАЙЫНДЫҚ
Біз орта мектеп оқушыларына эссе жазу дағдыларын үйретеміз, бұл шетелдік университетке түсуге дайындықтың бірінші кезеңі. Оқуға түсу бойынша сынақтық әңгімелесулер мен арнайы сабақтар өткізу жоғары сынып оқушыларына ЖОО құжат тапсыру, өтініш беру процесінің барлық кезеңдерінен өтуге көмектеседі.
Мектеп кеңесі университеттік өтінімдерді жоспарлауды бастау үшін мектеп оқушыларымен жеке кездесулер өткізеді. Түлектер университетке мотивациялық хат, түйіндеме жобалары бойынша жұмысты мектеп бітіргенге дейін бастайды, кіріспе сұхбаттарға дайындық жүргізіледі.
Біз мектептің әрбір түлегі өзінің қызығушылықтары мен мақсаттарына сәйкес келетін университетті табуға және оқуға түсуге мүмкіндік алуына жағдай жасаймыз.
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН АҒЫМДАҒЫ БАҒАЛАУ
Формативті бағалау
Формативті бағалау (ФБ) білім алушылардың ағымдағы білімді меңгеру және дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтайды, білім алушыларға жаңа материалды зерделеу кезеңінде тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындайтынын және оқу мақсаттарына қол жеткізетінін түсінуге мүмкіндік береді. ФБ жазбаша немесе ауызша жүзеге асырылады.
Жиынтық бағалау
Жиынтық бағалау (ЖБ) – оқу бағдарламасының бөлімдерін зерделеу
аяқталғаннан кейін және оқу тоқсанының соңында білім алушылардың білімді меңгеру деңгейін және дағдыларының қалыптасуын айқындайтын бағалау.
5-9 сынып оқушыларына формативті бағалау, бөлімге/өтпелі тақырыпқа жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсанға жиынтық бағалау (бұдан әрі – ТЖБ) нәтижелері бойынша балл қойылады, олар тоқсанға оқу жетістіктерін бағалау кезінде ескеріледі.
Тілдік пәндер бойынша жиынтық бағалау (ЖБ)
сияқты тілдік дағдылар бойынша жүргізіледі.
Тыңдалым (тыңдау) және айтылым дағдыларын бағалау жиынтық бағалауды өткізу жоспарланған апта ішінде сабақтарда жүргізіледі.
Ағымдағы оқу жылындағы білім алушылардың жазбаша жиынтық жұмыстары мектепте осы оқу жылының соңына дейін сақталады.
Тоқсандық баға формативті бағалау, БЖБ және ТЖБ нәтижелері негізінде 25%, 25% және 50% пайыздық арақатынаста қойылады.
5-9 сынып оқушыларына оқу пәндері бойынша жылдық баға ең жақын бүтінге дөңгелектей отырып, тоқсандық бағалар сомасының орташа арифметикалық мәні ретінде қойылады және қорытынды баға болып табылады.
Тоқсандық, жылдық және қорытынды бағаларды қайта қарауға жол берілмейді.
ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Alpamys School Академиялық саясатында білім беру процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету шарасы ретінде — қашықтықтан оқыту аспектілері қарастырылған:
Қашықтықтан оқыту қолайсыз ауа-райы, табиғи апаттар, соғыс қимылдары, пандемия сияқты төтенше жағдайларға байланысты мектепте сабақ өткізу мүмкін болмайтын кезде қолданылады.
Қашықтан тиімді оқыту үшін Microsoft Teams онлайн платформасы қолданылады.
Техникалық проблемалар немесе сұрақтар туындаған жағдайда оқушылар мен оқытушыларға техникалық көмек көрсетіледі.
https://t.me/+gKEeCg9-hHQzODE6
Біз Alpamys мектебінің барлық түлектерінің ізденімпаз және сыни ойлайтын тұлғаға айналуын, қиындықтарды өзіне деген сеніммен қабылдауын, өмірінің барлық кезеңдерінде табысты даму үшін қажетті дағдыларға ие болуын қамтамасыз етуге ұмтыламыз.