Мектеп символикасы

Басты бет / Мектеп символикасы

Логотиптің негізгі нұсқасы

Алпамыс мектебінің логотипі бірегей таңбадан тұрады. Логотип «Алпамыс» аббревиатурасына негізделіп, ашық кітап үстінде ғылым әлеміне ашылған есік сипатында берілген. Ашық кітап білім жолындағы сенімді серікті, адал көмекшіні білдіреді.

Фирменные цвета

Түстердің үйлесуі. Логотип дизайнында негізгі түстер ретінде қанық жасыл және қызғылт сары түстер алынған.
Жасыл түс өмір мен жаңарудың символы ретінде таңдалған. Ол өсуге, өзін-өзі дамытуға шабыттандырады және қауіпсіздік пен қамқорлық сезімін тудырады.
Логотиптегі қызғылт сары түс жылу мен қуатты, қуанышты бейнелейді.

Логотипті қолданудың мүмкін нұсқалары.
Логотипті өзгертуге, басқа түрлерін жасауға жол берілмейді.