Критериалды жүйе ашық критерийлерге негізделеді және оқушыларға одан әрі даму үшін кері байланыс береді.

Біз оқушыларды оқу материалын өз бетінше меңгеруге және үлгерімін үнемі жақсартуға ұмтылуға ынталандырамыз.

Бағалау нормативтік құқықтық актілерге, педагогтерге, ата-аналарға және білім алушыларға көмек ретінде әзірленген әдістемелік материалдарға сәйкес жүргізіледі:

  • «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және
  • қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 13.04.2023 ж. №96 бұйрығымен енгізілген өзгерістерге сәйкес;
  • «Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 52 бұйрығы;
  • Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде орта мектеп үшін критериалды бағалау және құжаттау рәсімдері жөніндегі нұсқаулық;

Критериалды жүйенің негізгі компоненттері формативті (ФБ) және жиынтық бағалау (ЖБ) болып табылады.

Критерий – қойылатын талаптарға сәйкестік белгісі және мінсіз орындалған тапсырманың көрсеткіштерімен  (дескрипторлармен) талданады. Дескриптор білім алушының бағалау критерийіне жету деңгейін кезең-кезеңімен егжей-тегжейлі сипаттайды.

ФОРМАТИВТІ БАҒАЛАУ

Формативті бағалау (ФБ) – критериалды бағалау жүйесінің негізгі элементі. Жиынтық бағалаудың нәтижесі ФБ қалай ұйымдастырылғанына байланысты. ФБ білім алушылардың ағымдағы білімді меңгеру және дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтайды, білім алушыларға жаңа материалды зерделеу кезеңінде тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындайтынын және оқу мақсаттарына қол жеткізетінін түсінуге мүмкіндік береді. Бағалаудың осы түрі педагогке білім алушының жеке жетістіктері мен  үлгірімінің ілгерілеуі туралы толық мәлімет алуға мүмкіндік береді, демек,  жиынтық бақылауды өткізер алдында оқу процесін дер кезінде түзетуге және білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды жоюға көмектеседі.

ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ

Жиынтық бағалау (ЖБ) – оқу бағдарламасының бөлімдерін зерделеу аяқталғаннан кейін және оқу тоқсанының соңында білім алушылардың білімді меңгеру деңгейін және дағдыларының қалыптасуын айқындайтын бағалау.

Үлгерімді ағымдағы бақылау мұғалімдерге, оқушыларға және ата-аналарға белгілі бір кезеңдегі білім алушылардың үлгерімі туралы баллдар мен бағалар қою арқылы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Егер ФБ оқу процесінде білім алушылардың үлгерімін тексерсе, онда ЖБ бөлімді / ортақ тақырыпты (БЖБ) және тоқсанды (ТЖБ) зерделеуді аяқтағаннан кейін білім алушылардың құзыреттілік деңгейін анықтауға бағытталған.

 

ЖБ орындау кезінде академиялық адалдық қағидатын сақтауы маңызды.

БЖБ түрі (бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, эссе, диктант, мазмұндама, шығарма, тестілеу) мен сабақта өткізілетін уақытын педагог өзі анықтайды.

ТЖБ барлық білім беру ұйымдары үшін бірыңғай тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясына сәйкес жүргізіледі.

 

Педагог академиялық адалдық нормаларын сақтай отырып, өткен бөлімнің, тоқсанның, жартыжылдықтың оқу материалының мазмұны бойынша оқу бағдарламасына сәйкес техникалық спецификация негізінде БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын әзірлейді.

 

1-сыныпта ЖБ өткізілмейді.

2-11-сыныптарда педагог «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес пәндер бойынша ФБ, БЖБ және ТЖБ жүргізеді.

Формативті және жиынтық бағалау нәтижелері бойынша білім алушыларға тоқсандағы оқу жетістіктерін бағалау кезінде ескерілетін балдар қойылады.ФБ кезінде білім алушылардың оқу жетістіктері балл қою арқылы бағаланады. ФБ үшін ең жоғары балл 2-11-сыныптарда 1-ден 10 балға дейін.

 

БЖБ үшін ең жоғары балл 1-4-сыныптарда 7-ден кем емес және 15 балдан көп емес, 5-11(12) сыныптарда 7-ден кем емес және 20 балдан аспайды.ФБ, БЖБ және ТЖБ балдары электрондық журналдарға қойылады. ФБ нәтижелері қағаз форматта басып шығаруды және сақтауды талап етпейді, ал ағымдағы оқу жылындағы білім алушылардың жазбаша жиынтық жұмыстары мектепте осы оқу жылының соңына дейін сақталады.


ФОРМАТИВТІ БАҒАЛАУДАҒЫ БАЛЛДАРДЫ САРАЛАУ

Балл Сипаттамасы
1 балл оқу тапсырмаларының 10% – на дейін орындады, қателер жіберілді, сабақта енжар, мұғаліммен кері байланыс нәтижесі
2 балл оқу тапсырмаларының 20% – на дейін орындады, қателер жіберілді, сабақта енжар, мұғаліммен кері байланыс нәтижелері бойынша әрдайым тиісті қорытынды жасай бермейді, тапсырмаларды орындау кезінде дербестік көрсетпейді.
3 балл оқу тапсырмаларының 30%-на дейін орындады, қателер жіберілді, жіберген қателерін түзетуге тырысады, кейде сабақта белсенділік танытады, оқу тапсырмаларын орындау кезінде мұғалімнің / ата-ананың / құрдастарының қолдауына мұқтаж.
4 балл оқу тапсырмаларының 40%-на дейін орындады, қателер жіберді, қателерді түзету кезінде көмекке мұқтаж, әрдайым белсенді бола бермейді, кейде тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытады.
5 балл оқу тапсырмаларының 50%-на дейін орындады, 5-ке дейін қате жіберді, мұғалімнің көмегін қажет етеді, сабақта үнемі белсенді бола бермейді, кейде орындалатын тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытады
6 балл оқу тапсырмаларының 60%-на дейін орындады, 4-ке дейін қателер жіберді, мұғалімнің көмегіне мұқтаж, сабақта ұқыптылық танытады, қиындығы орташа тапсырмаларды өз бетінше орындай алады.
7 балл оқу тапсырмаларының 70%-на дейін орындады, 3-ке дейін қате жіберді, қателерді уақытылы жойды, сабақта белсенді, тапсырмаларды орындау кезінде
дербестік танытады.
8 балл оқу тапсырмаларының 80%-на дейін орындады, 1-2 елеусіз қателер жіберді, мұғалімнің түсініктемелері негізінде өз қателерін өз бетінше түзетеді, белсенді, тәуелсіз.
9 балл оқу тапсырмаларының 90%-на дейін орындады, тапсырмаларды орындау кезінде шамалы нақтылық болмады, қателермен жұмыс істейді, белсенді, тәуелсіз.
10 балл 100% оқу тапсырмаларын орындады, қатесіз орындады, белсенді, тәуелсіз, түсіндіре алады, жауаптарын негіздей алады.

МОНИТОРИНГ

Алпамыс мектебіндегі мониторинг – білім беру процесін жүзеге асырудың нәтижелері мен жай-күйіндегі өзгерістердің динамикасын жүйелі бақылау, диагностикалау, талдау, бағалау және жай-күйін болжау.

Барлық пәндер бойынша жылына 2 рет жүйелі түрде өткізілетін тестілеу және бағалау білім деңгейін бағалауға және прогресті бақылауға мүмкіндік береді. Алынған мәліметтер педагогикалық тәсілдерді жақсарту үшін  қолданылады.

МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ МЕРЗІМДЕРІ

І жартыжылдықтағы қаңтар
II жартыжылдықтағы сәуір

ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ

9 және 11 сыныптарды аяқтағаннан кейін қорытынды аттестаттау
білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі (ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы).