Алпамыс мектебінің Академиялық саясатына сәйкес дене шынықтыру мен спорт оқушылардың денсаулығы мен белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Дене тәрбиесі саласындағы мектеп бағдарламасының негізгі мақсаттарының бірі – оқушыларда дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысудың маңыздылығы мен қажеттілігі туралы түсінік қалыптастыру.
Тұрақты жаттығулар оқушылардың оқуға көңіл бөлуіне көмектеседі, олардың өзіне деген сенімділігін арттырады, ақыл-ойдың сергектігін ынталандырады және өзін-өзі бағалауды дамытуға көмектеседі.
АЛПАМЫС МЕКТЕБІНДЕ СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНУҒА ЖАСАЛҒАН МҮМКІНДІКТЕР:
Мектепте оқушылардың денсаулығын нығайтуға барлық жағдай жасалған:
МЕКТЕПТЕГІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҚТАРЫ
Алпамыс мектебіндегі дене шынықтыру сабақтары 1-11 сыныптардағы оқу-тәрбие процесінің маңызды бөлігі болып табылады. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері әрбір сабақты балалардың дамуына ықпал ететіндей қызықты өткізу үшін көп жұмыс істейді.
Белгіленген стандарттарға сәйкес дене шынықтыру сабақтары әртүрлі жаттығулар қоса отырып аптасына 3 рет (2 дене шынықтыру сабағы және 1 жүзу сабағы) өткізіледі.
Оқушылар қауіпсіздік ережелерімен танысқаннан кейін ғана дене шынықтыру сабақтарына жіберіледі.
Таза ауада серуендеу
Таза ауада серуендеу 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ кестесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Балалар күніне кемінде 30 минутты ашық ауада өткізеді. Серуен түстен кейін ұйымдастырылады.
СЫНЫПТАН ТЫС ІС-ШАРАЛАР:
Оқушылар спорт секцияларына тартылып, «Спорттық отбасы», Денсаулық күндері, спорттық эстафеталар, жарыстар, мектеп чемпионаттары сияқты спорттық-сауықтыру шараларына үнемі қатысады.
Оқушыларымыз қалалық және республикалық олимпиадаларға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.
МЕКТЕПТЕГІ СПОРТ СЕКЦИЯЛАРЫ:
Дене шынықтыру мұғалімдері:
Біздің мектепте жоғары білікті оқытушылар мен жаттықтырушылар тобы жұмыс істейді. Олардың көпшілігінде айтарлықтай спорттық жетістіктер бар.
Жеңіл атлетикадан спорт шеберіне кандидат
Биіктікке секіруден Қазақстан чемпионатының жүлдегері
1 – 11 сыныптар
Жаттықтырушы (қосымша білім беру) волейбол
күрестен ҚР спорт шебері.
Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері 2017-2018ж.
Панкратионнан Алматы облысының чемпионы 2018ж.
Грэпплингтен өткен Алматы қалалық чемпионатының жүлдегері 2016-2017ж.
волейболдан жаттықтырушы
дүйсенбі-жұма 13:40-18:00
Білім беру процесінің барлық қатысушыларын – оқушыларды, олардың ата-аналарын және мұғалімдерді біздің спорттық іс-шараларымызға белсенді қатысуға, спорттық бастамаларды қолдауға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз.