Біздің мақсатымыз – сапалы оқытуды қамтамасыз ету, балалардың жалпы физикалық және эмоционалдық ахуалын ескере отырып, табысты оқу және жеке өсу үшін қолайлы жағдайлар жасау.
Alpamys School оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына негізделген.
Бағдарламалардың мазмұны бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған.
Бастауыш білім берудің мазмұны үштілді білім беру саясаты аясында іске асырылады.
1-4 сыныптарда оқылатын оқу пәндері
«Тіл және әдебиет» білім беру саласындағы оқу пәндері:
«Математика және информатика» білім беру саласындағы оқу пәндері:
«Математика», «Цифрлық сауаттылық» (1-4 сыныптар);
«Жаратылыстану» білім беру саласындағы оқу пәндері:
«Жаратылыстану » (1-4 сыныптар);
«Адам және қоғам» білім беру саласындағы оқу пәндері:
«Дүниетану» (1-4 сыныптар)
«Технология және өнер» білім беру саласындағы оқу пәндері:
«Дене шынықтыру» білім беру саласындағы оқу пәні:
ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ
Alpamys school мектебінде бастауыш білім берудің мазмұны оқыту нәтижелеріне бағдарланады және оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуына қолайлы білім беру кеңістігін құруға бағытталған Академиялық саясатында айқындалады.
Бұл тәсілдер теңдестірілген білім беру ортасын қалыптастырады, оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал етеді және оларды табысты оқуға дайындайды.
АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУ
Alpamys School 1-сыныптан бастап балалар ағылшын тілін үйренеді.
Ағылшын тілін үйрену кезінде Академиялық саясат принциптерінде көрсетілген тиімді тәсілдер жүзеге асырылады:
Интеграцияланған тәсіл:оқу бағдарламалары тілді кешенді меңгеруді қамтамасыз ете отырып, сөйлеу және жазу дағдыларын дамыту арасындағы тепе-теңдікті ескере отырып әзірленеді.
Мотивация және практикалық қолдану: оқытуда интерактивті әдістер мен ойын тәсілдерін қолдануға баса назар аударылады. Бұл ынталандырушы оқу ортасын құруға ықпал етеді, сабаққа белсенді қатысуды және оқушылардың ағылшын тілін үйренуге деген ынтасын жақсартады.
Даралау тәсілі: мұғалімдер әр оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқу процесінде саралап-деңгейлеп оқыту тәсілін қолданады.
«Сингапур әдістемесін» қолдану: Alpamys School мұғалімдері сингапурлық оқыту принциптерін ағылшын тілін меңгертуде сәтті қолданып жүр. Бұл жұмыс тек грамматикалық және лексикалық аспектілерді ғана емес, сонымен қатар қарым-қатынас дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
ОҚУ ЖОСПАРЫНДА АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУ ҚҰРЫЛЫМЫ:
1-сыныптарда: Phonics (ағылшын тілі) — аптасына 4 сағат, Sсienсe (Ғылым) — 1 сағат, Speaking 1 сағат және Math аптасына 1 рет ауызекі сөйлеуді дамыту сағаты;
2-сыныптарда: Cambridge English – аптасына 3 сағат, Sсienсe — 1 сағат, Speaking 1 сағат, Math 1 сағат;
3-сыныптарда: Cambridge English – аптасына 3 сағат, Sсienсe/ Math — 1 сағат, Speaking аптасына 1 сағат;
4-сыныптарда: Cambridge English – аптасына 2 сағат, Sсienсe/ Math — 1 сағат, Speaking аптасына 2 сағат.
АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА:
Аталған іс-шаралар оқушылардың ағылшын тілін әртүрлі контексттерде қолданып, тереңірек және тиімді игеруіне айтарлықтай ықпал ететін атмосфераны құруға көмектеседі.
ҚЫТАЙ ТІЛІ ЕКІНШІ ШЕТЕЛ ТІЛІ РЕТІНДЕ
Alpamys School мектебінде 2-4 сынып оқушыларына екінші шет тілі ретінде қытай тілін үйренуге мүмкіндік беріледі.
Сабақтар аптасына 1 сағат өткізіледі.
Қытай тілін оқыту бағдарламасы оқушылардың көрнекі есте сақтау қабілетін, ерікті зейінін және шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал ететін иероглифтік жазуды үйренуден басталады.
ОҚЫТУ ШЕҢБЕРІНДЕ:
Осылайша, мектептегі екінші шет тілі ретінде қытай тілін үйрену бағдарламасы оқушылардың тілдік дағдыларын дамытып, Қытай мәдениетімен танысуға, тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал етеді.
ҚОСЫМША ПӘНДІК КУРСТАР. МЕКТЕП КОМПОНЕНТІ:
Мектептің Академиялық саясатында бастауыш сыныптарда міндетті оқу пәндерін оқытумен қатар элективті курстар, сыныптан тыс сабақтарды өткізу, білім алушылардың ғылыми жобаларға қатысуы көзделген.
Тіл дамыту (1-сынып), Развитие речи (1-сынып), Әдебиеттік оқу (1-сынып), Логика (1-сынып), Жылдам оқу (1-4 сынып), Математика Петерсон бойынша (1-4 сынып).
Бастауыш сынып мұғалімдері күнделікті білім беру процесінде дамытушы сипаттағы міндеттерді жүзеге асырады. Оқушылар оқу, жазу дағдыларын, қарапайым математикалық білімді меңгереді, шығармашылықпен ойлауды үйренеді, өзін-өзі бақылаудың алғашқы сабақтарын, мінез-құлық мәдениеті, гигиена мен салауатты өмір салтының негізгі принциптері туралы білім алады.
Оқу процесін ұйымдастыру оқушыларды ізденуге, өзекті мәселелерді талқылауда, көзқарасын дәлелдеуде белсенділікке, сындарлы шешімдер қабылдауға ұмтылу жолымен өздігінен тәжірибе жинақтауға негізделген оқытудың интерактивті әдістерін пайдалануды көздейді.
ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ МҮМКІНДІКТЕРІ:
Alpamys School балаларды жан-жақты дамыту үшін үйірмелер, секциялар және мектептен тыс іс-шараларға, әртүрлі қосымша білім беру бағдарламаларына қатысуға белсенді түрде шақырады.
Бұл бағдарламалар оқушыларға өз әлеуетін ашуға қолдау көрсететін және шабыттандыратын білім беру ортасында жан-жақты дамуға мүмкіндік береді.
ОҚУ ЖҮКТЕМЕСІНІҢ ЕҢ ЖОҒАРЫ КӨЛЕМІ
1- сынып – 19,5 сағат
2-сынып – 24 сағат
3-4 сынып – 27 сағат.
НАШ ДЕНЬ: ШАГ ЗА ШАГОМ
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН АҒЫМДАҒЫ БАҒАЛАУ
Формативті бағалау
Формативті бағалау (ФБ) білім алушылардың ағымдағы білімді меңгеру және дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтайды, білім алушыларға жаңа материалды зерделеу кезеңінде тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындайтынын және оқу мақсаттарына қол жеткізетінін түсінуге мүмкіндік береді. ФБ жазбаша немесе ауызша жүзеге асырылады.
Үлгерімді ағымдағы бақылау белгілі бір кезеңдегі оқушылардың үлгерімі туралы баллдар мен бағалар қою арқылы ақпарат алуға мүмкіндік береді. ФБ кезінде білім алушылардың оқу жетістіктері балл қою арқылы бағаланады. ФБ үшін ең жоғары балл 2-11-сыныптарда 1-ден 10 балға дейін.
Жиынтық бағалау
Жиынтық бағалау (ЖБ) – оқу бағдарламасының бөлімдерін зерделеу
аяқталғаннан кейін және оқу тоқсанының соңында білім алушылардың білімді меңгеру деңгейін және дағдыларының қалыптасуын айқындайтын бағалау.
1-сыныпта оқушылардың оқудағы жетістіктері бағаланбайды.
2-11 сынып оқушыларына формативті бағалау, бөлімге/өтпелі тақырыпқа жиынтық бағалау (бұдан әрі – БЖТ) және тоқсанға жиынтық бағалау (бұдан әрі – БЖТ) нәтижелері бойынша балл қойылады, олар тоқсанға оқу жетістіктерін бағалау кезінде ескеріледі.
ЖБ үшін ең жоғары балл 1-4-сыныптарда 7-ден кем емес және 15 балдан көп емес.
БЖБ түрі (бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, эссе, диктант, мазмұндама, шығарма, тестілеу) мен сабақта өткізілетін уақытын педагог өзі анықтайды.
Тілдік пәндер бойынша жиынтық бағалау (ЖБ)
сияқты тілдік дағдылар бойынша жүргізіледі.
Толығырақ білу
KUNDELIK.KZ
Kundelik.kz — бұл мектеп ақпараты жинақталған автоматтандырылған бірыңғай білім беру интернет-порталы.
Порталдан:
Логин мен құпия сөз қолына тиген соң, оқушы, ата-ана мен ұстаз сайттың жоғарғы жағындағы «Кіру» тетігін басып, жұмысын бастай алады. Ұстаздың міндеті – баға қою, үй тапсырмасын жазу. Ата-ананың міндеті – баласының бағаларын қарап, сабақ кестесімен, үй тапсырмасымен танысу. Ал оқушының міндеті – сайттан үй тапсырмасын қарап, оны орындау. Оқушы тек өзінің бағаларын және үй тапсырмасы мен сабақ кестесін ғана көре алады.
ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Alpamys School Академиялық саясатында әртүрлі жағдайларда білім беру процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етуге арналған қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың негізгі аспектілері қарастырылған:
Қашықтықтан оқыту қолайсыз ауа-райы, табиғи апаттар, соғыс қимылдары, пандемия сияқты төтенше жағдайларға байланысты мектепте сабақ өткізу мүмкін болмайтын кезде қолданылады.
Alpamys School «Қолайсыз ауа райы метеожағдайларында орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 42 бұйрығы негізінде және онлайн оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әрекет етеді.
Білім алушылардың ата-аналары (заңды өкілдері):
1-4 сыныптарға арналған онлайн сабақтардың ұзақтығы санитарлық ережелер мен нормалардың талаптарына сәйкес келеді:
Қашықтан оқыту тиімділігін арттыру үшін Microsoft Teams онлайн платформасы қолданылады.
Бұл платформа оқушылар мен мұғалімдердің өзара әрекеттесуіне, онлайн сабақтар өткізуге, материалдар мен тапсырмалармен алмасуға мүмкіндік береді.
Қашықтықтан оқыту сабақ кестесінің икемділігін және оқушылар үшін материалдардың қолжетімділігін ескере отырып ұйымдастырылады.
Қашықтықтан оқыту барысында онлайн ресурстар мен технологияларды пайдалануда оқушылар мен ата-аналарға кеңестер беріледі.
Техникалық проблемалар немесе сұрақтар туындаған жағдайда оқушылар мен оқытушыларға техникалық көмек көрсетіледі.