МЕКТЕПТІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТЫ

Басты бет / Академиялық адалдық ережелері

1. Жалпы ережелер

1. Alpamys School академиялық адалдық ережелері (бұдан әрі — ережелер) «Alpamys School» ЖШС-нің 2025 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес әзірленді, білім беру процесінде Академиялық адалдық ережелерін, мектеп қоғамдастығы мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін белгілейді, академиялық адалдықты бұзу түрлерін және олар жасалған жағдайда шаралар қабылдау тәртібін айқындайды.

2. Осы Ережелердің мақсаты – оқушылардың бойында адалдық, ашық, шынайы және сенімді қарым-қатынастар құру, сондай-ақ өмірде адалдықты дамыту мәселелеріндегі жауапкершілік туралы түсінік қалыптастыру. Академиялық адалдық — мектептің білім беру процесіндегі басты құндылықтардың бірі.

3. Ережелерде қолданылатын ұғымдардың глоссарийі:

1) академиялық адалдық — білім беру процесінде оқушылардың жеке адалдығы мен оқуға жауапкершілігін дамытатын мінез-құлық қағидаттарының жиынтығы;

2) бағаланатын жұмыс:

— оқушының белгілі бір оқу кезеңінде (ауызша сауалнама, жазбаша жұмыс, эссе, далалық жұмыс, зертханалық жұмыс, практикалық жұмыс, өзіндік жұмыс, зерттеу жұмысы, жоба және т. б.); оның оқу жетістіктерін анықтау үшін формативті, жиынтық бағалау жүргізу кезінде орындайтын жұмысы немесе тапсырмасы

— белгілі бір оқу кезеңінде (тоқсан, жартыжылдық, жыл) оқушы жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін жиынтық, формативті, қорытынды бағалау (бақылау, жазбаша жұмыстар, тесттер, сынақтар, зерттеу жұмысы, жоба және т. б.) жүргізу кезінде оқушының орындайтын жұмысы;

3) бағаланбайтын жұмыс – оқушының оқу, шығармашылық мақсаттарда орындайтын, педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың бағалауына жатпайтын жұмыс (мақалалар, жобалау жұмыстары, презентациялар, бейне және аудио материалдар, қол еңбегінің өнімдері және т.б.).

1.1. Осы Академиялық адалдық саясаты 2007 жылдың 27 шілдедегі № 319-III Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңына және мектеп Жарғысына сәйкес әзірленді.

1.2. Alpamys School (бұдан әрі-мектеп) әдептік пен академиялық адалдық мәселелеріне үлкен мән береді. Мектеп әкімшілігі, құрылымдық бөлімшелері және барлық қызметкерлері әдептілік пен жоғары тұлғалық қасиеттер білім алушылардың академиялық табыстылығының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады деген ұстанымды басшылыққа алады.

1.3. Мектептегі білім беру процесінің барлық қатысушылары академиялық адалдықты сақтауды білім беру процесінің ажырамас бөлігі ретінде қабылдауы керек, сонымен қатар, олардың оқу курсы шеңберінде және одан тыс академиялық оқытудың тұтас бөлігі болуы керек деп санайды.

1.4. Академиялық адалдықтың мектепішілік Ережелері мектептің басты ережелерінде мәлімделген білім алушының жеке қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.

4. Мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері оқушылар мен олардың заңды өкілдерін ата-аналар мен мектеп жиналыстарында, сынып сағаттарында осы Ережелермен таныстыруға міндетті.

5. Осы Ережені мектеп қоғамдастығының барлық мүшелері – әкімшілік, педагогикалық қызметкерлер, оқушылар, олардың заңды өкілдері және мектептің өзге де қызметкерлері орындауы міндетті.

2. Академиялық адалдық принциптері

Білім беру процесінде оқушылардың академиялық адалдығының негізгі принциптері, олардың жеке адалдығы мен оқулары үшін жауапкершілігін дамытады:

1) адалдық — оқушылардың бағаланатын және бағаланбайтын жұмыстарды адал, әдепті орындауы;

2) автордың және оның құқықтық мирасқорларының құқықтарын қорғауды жүзеге асыру — біреудің сөзін, ойын дұрыс беру және бағаланатын жұмыстарда ақпарат көздерін көрсету арқылы авторлық құқық объектісі болып табылатын туындылардың авторлығын бекіту және оларды қорғау;

3) ашықтық — айқындық, өзара сенім, оқушылар мен педагог қызметкерлері және оларға теңестірілген адамдар арасында ақпарат пен идеялармен ашық алмасу;

4) оқушылардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу — оқушылардың пікірлері мен идеяларын еркін білдіру құқығы;

5) теңдік — әрбір оқушының осы қағидаларды сақтауға міндеті және оларды бұзғаны үшін тең жауапкершілігі.

3. Мектеп қоғамдастығы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

1. Оқушылар құқылы:

1) осы Ережелердің мәтінімен танысуға;

2) оқу процесінде өз пікірін еркін білдіруге;

3) осы Ережелерді бұзғаны үшін негізсіз айыптаудан қорғалуға және дәлелдемелер ұсынуға құқығы бар.

2. Оқушылар міндетті:

1) осы Ережелердің мәтінімен танысуға және оларды бұзған жағдайдың салдарын білуге; 2) бағаланатын және бағаланбайтын жұмыстарды орындау кезінде академиялық адалдықты мүлтіксіз сақтауға;

3) біреудің сөзі мен ойын авторды, шығарманың және беттің атауын көрсете отыра жеткізу тәсілін пайдалануға;

4) жобалау, ғылыми-зерттеу жұмыстарының соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімін көрсету;

5) сенімді және тексерілген ақпарат көздерін пайдалануға;

6) басқа оқушыларға нақты орындалған бағаланатын жұмысты бермеуге

3. Ата-аналар немесе басқа заңды өкілдер міндетті:

1) осы Ережелердің мәтінімен танысуға және оларды бұзу жағдайының салдарын білуге;

2) өз балаларының осы Қағидаларды сақтауына жәрдемдесуге және академиялық адалдықты сақтаудың маңыздылығын ұдайы талқылауға.

4. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген қызметкерлер міндетті:

1) ата-аналар арасында ақпараттық жұмыс жүргізуге;

2) оқушыларға сенімді және тексерілген ақпарат көздерін таңдауды үйрету және қолдау көрсетуге;

3) сілтемелерді, пайдаланылған әдебиеттер тізімін ресімдеу тәсілдерін үйретуге;

4) орындалып жатқан жұмыстың барлық қатысушыларының авторлығын көрсете отырып, оқушыларды қағаз, электрондық, цифрлық жеткізгіштерде жобалық жұмыс түрлерін ресімдеу тәсілдеріне үйретуге;

5) оқу процесінде оқушыларды өз пікірлерін білдіруге үйретуге;

6) академиялық адалдықты сақтау мәселелері бойынша бағаланатын жұмысты орындамас бұрын оқушылармен академиялық адалдықты сақтау мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге;

7) осы Ережелерді белгіленген талаптарды бұзуға жол бермеуге;

8) осы Ережелерді бұзған әрбір жағдайды қатаң есепке алуға;

9) мектеп әкімшілігіне және ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ережені бұзудың әрбір жағдайы туралы жазбаша түрде хабарлауға.

5. Мектеп әкімшілігі міндетті:

1) педагогтер мен оларға теңестірілген қызметкерлердің оқушылар мен ата-аналарға немесе олардың заңды өкілдеріне осы ережелерді түсіндіру бойынша жұмысын қамтамасыз етуге;

2) оқушылар ережелерді бұзған кезде осы ережелерде көзделген шараларды қабылдау жөніндегі жұмысты үйлестіруге;

3) оқушылардың академиялық адалдығын іске асуын бақылау және мониторинг жүргізуге.

4. Бұзушылықтардың түрлері

Осы Қағидаларда академиялық адалдықты бұзудың төмендегідей түрлері қарастырылған:

 

1) плагиат:

— авторлығын растаусыз немесе дереккөзді көрсетпей басқа дереккөздерден материалдарды ішінара не толық иемдену;

2) сөз байласу:

— басқа оқушы үшін бағаланатын кез келген жұмысты орындау;

3) алдау:

— басқа оқушылардан бағаланатын жұмыстарды көшіру;

— қайта ұсыну, бағаланып қойған жұмысты қайта тапсыру;

— бағаланатын жұмыстарды орындамаған, уақытылы орындамаған жағдайда жалған сылтаулар келтіру;

— топтық жұмыс қарастырылмаған жағдайда екі немесе одан да көп оқушының бағаланатын жұмысты бірге орындауы;

— басқа оқушыларға саналы түрде көмек көрсету; оған бағаланатын жұмысынан көшіруге мүмкіндік беру;

— басқалардың бағаланатын жұмыстарын өз жұмыстары ретінде ұсыну;

4) бағаланатын жұмыстың бағаларын, деректерін бұрмалау;

— тапсырма жауаптарының бағалау нәтижелерін, бағаларын қолдан жасау;

— зерттеуді орындау кезінде деректерді, яғни сауалнама және тағы басқа әдістердің өлшеу және бақылау нәтижелерін қолдан жасау;

— басқа оқушының бағаланатын жұмысын әдейі бүлдіру немесе қолдан жасау;

5) бағаланатын жұмыстардың жауабын жалған жолмен сатып алу:

— бағаланатын жұмысты орындау кезінде жауаптарды беру;

— басқа оқушының, педагогтің және оларға теңестірілген қызметкерлердің көмегімен бағаланатын жұмысты өткізгенге дейін ішінара немесе толық материалын алу;

— бағаланатын жұмыстарды өзінің жұмысы ретінде ұсыну үшін оларды сатып алу немесе алудың өзге де жолдарын қолдану;

— дайын бағаланатын жұмыстарды сату немесе сатып алуға және/немесе сатуға көмек көрсетудің өзге де жолдары;

6) ақпаратты немесе құрылғыларды заңсыз пайдалану:

— бағаланатын жұмыстарды орындау кезінде тиісті нормативтік актілермен пайдалануға тыйым салынатын электрондық, цифрлық, қағаз жеткізгіштерде, техникалық құрылғылар арқылы ақпаратты пайдалану;

— бағаланатын жұмыстың кез келген жауаптарын жүктеуді қоса алғанда электрондық пошта, компьютер және т. б. арқылы алу;

— педагог қызметкердің қағаз және электрондық жеткізгіштерде бағаланатын жұмыстарға қатысты материалдарын кабинеттен шығару және / немесе компьютерден көшіру.

 

Академиялық адалдықты бұзу түрлерінің осы тізімі толық болып табылмайды және қажеттілігіне қарай толықтырылуы мүмкін.

5. Ережелерді бұзған жағдайда шараларды қолдану тәртібі

Академиялық адалдықтың бұзуы келесі жағдайларда анықталуы мүмкін:

1) формативті бағалау жүргізу кезінде;

2) жиынтық, қорытынды бағалау жүргізу кезінде;

3) оқушылардың бағаланбайтын жұмыстарын орындау кезінде.

5.1. Оқушылардың оқу жетістіктерін формативті бағалау жүргізу кезінде плагиат, сөз байласу анықталған жағдайда:

 

1) пән мұғалімі осы ережелер қосымшасына сәйкес нысан бойынша ережелерді бұзу туралы акт жасайды, оқушымен әңгімелесу жүргізеді. Ережелерді бұзу туралы Акт тиісті дәлелдемелерімен бірге және оқушылар жұмыстарының көшірмелері оқу бөліміне тапсырылады;

2) пән мұғалімі белгіленген нысан бойынша ережелерді бұзу туралы акт жасайды, оқушымен ата-анасының немесе оқушының өзге де заңды өкілінің қатысуымен әңгімелесу жүргізеді. Ережелерді бұзу туралы Акті тиісті дәлелдемелерімен бірге және оқушылар жұмысының көшірмелері оқу бөліміне тапсырылады;

3) жүйелі түрде (үш және одан да көп рет), пән мұғалімі белгіленген нысан бойынша ережелерді бұзу туралы акт жасайды. Ережелерді бұзу туралы Акт тиісті дәлелдемелерімен бірге және оқушылар жұмысының көшірмелері оқу бөліміне тапсырылады. Сынып жетекшісі оқушының ата-анасын немесе өзге де заңды өкілін оқушылардың Ережелерді бұзғаны туралы жазбаша нысанда хабардар етеді, барлық құжаттарды тәртіптік комиссияға ұсынады.

5.2. Оқушылардың оқу жетістіктерін  бағалау жүргізу барысында алдау анықталған жағдайда:

1) пән мұғалімі белгіленген нысан бойынша ережелерді бұзу туралы акт жасайды, оқушымен ата-анасының немесе оқушының өзге де заңды өкілінің қатысуымен әңгімелесу жүргізеді. Ережелерді бұзу туралы Акті тиісті дәлелдемелерімен бірге және оқушылар жұмысының көшірмелері оқу бөліміне тапсырылады;

 2) пән мұғалімі жүйелі түрде (екі және одан да көп рет) белгіленген нысан бойынша ережелерді бұзу туралы акт жасайды Ережелерді бұзу туралы Акт тиісті дәлелдемелерімен бірге және оқушылар жұмысының көшірмелері сынып жетекшісіне беріледі. Сынып жетекшісі оқушының ата-анасына немесе өзге де заңды өкіліне оқушының жазбаша нысанда Ережелерді бұзғаны туралы хабарлайды. Сынып жетекшісі барлық құжаттарды тәртіптік Комиссияға тапсырады.

5.3. Оқушылардың оқу жетістіктерінің формативті бағалау жүргізу кезінде бағалардың, деректердің, жауаптардың бұрмалануы, бағаланатын жұмыстың жалған жолмен сатып алынғаны, ақпаратты немесе құрылғыларды заңсыз пайдаланғаны анықталған жағдайда:

пән мұғалімі белгіленген нысан бойынша ережелерді бұзу туралы акт жасайды, оқушымен ата-анасының немесе оқушының өзге де заңды өкілінің қатысуымен әңгімелесу жүргізеді. Ережелерді бұзу туралы Акт тиісті дәлелдемелерімен бірге және оқушылар жұмысының көшірмелері сынып жетекшісіне тапсырылады. Сынып жетекшісі оқушының ата-анасын немесе өзге де заңды өкілін оқушылардың Ережелерді бұзғаны туралы жазбаша нысанда хабардар етеді, барлық құжаттарды тәртіптік комиссияға ұсынады.

5.4. Плагиат, сөз байласу, алдау, бағаларды, деректерді, бағаланатын жұмысты бұрмалау, жауаптар алу, бағаланатын жұмыстарды жалған жолмен сатып алу, оқушылардың оқу жетістіктерін жиынтық қорытынды бағалау жүргізу кезінде ақпаратты немесе құрылғыларды заңсыз пайдалану жағдайында.

5.5. Пән мұғалімі немесе емтиханға қатысуға уәкілетті адам белгіленген нысан бойынша ережелерді бұзу туралы акт жасайды. Ережелерді бұзу туралы Акт тиісті дәлелдемелерімен бірге және оқушылар жұмысының көшірмелері сынып жетекшісіне тапсырылады, жиынтық бағалау нәтижелері жойылады. Сынып жетекшісі оқушының ата-анасына немесе өзге де заңды өкіліне оқушының жазбаша нысанда Ережелерді бұзғаны туралы хабарлайды. Оқу бөлімі барлық құжаттарды тәртіптік комиссияға береді.

5.6. Оқушылар бағаланбайтын жұмыстарды (оның ішінде ғылыми-зерттеу жобаларын, шығармашылық жобаларды) орындау кезінде плагиат, алдау, деректерді бұрмалау анықталған жағдайда пән мұғалімі, сынып жетекшісі немесе ата-ана оқушымен әңгімелесу жүргізеді және материалдарды тәртіптік кеңеске тапсырады.

5.7. Осы ережелердің 13-тармағында көрсетілген бұзушылықтар жасаған оқушыларға мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен бекітілген Alpamys School оқушыларына арналған ішкі тәртіп қағидаларында қарастырылған тәртіптік жаза шаралары қолданылады.

5.8. Тәртіптік комиссияның жұмысын ұйымдастыру мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен бекітілген мектеп оқушыларына арналған ішкі тәртіп Ережелерімен реттеледі.