Медициналық қызмет

Басты бет / Медициналық қызмет

СҮЙІСПЕНШІЛІКПЕН ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАЙМЫЗ, ҚАМҚОРЛЫҚПЕН ОҚЫТАМЫЗ

Алпамыс мектебінде оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға ерекше мән беріледі. Мектептің медициналық қызметі арқылы оқушылар тәжірибелі дәрігер мамандардың жіті бақылауында болып, дер кезінде медициналық көмек алады. 

БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫ – БІЗДІҢ БАСЫМ БАҒЫТЫМЫЗ

Ем-шара қабылдау: Балалар дәрігерінің қабылдауы және медициналық процедуралар заманауи бақылау-өлшеу құралдарымен, аспаптармен, жиһаздармен жабдықталған арнайы бөлмелерде жүргізіледі.

Уақытша оқшаулау: біз үшін барлық оқушыларымыздың қауіпсіздігі маңызды. Уақытша оқшаулау бөлмесі науқастанған оқушыға тиімді күтім жасау үшін қажетті құрал-жабдықтармен жасақталған.

Кәсіби медициналық команда:

Мектептің медициналық қызметінде жоғары білікті маман-дәрігерлер қызмет етеді, олар сапалы алғашқы көмек көрсетуге және әрбір оқушының денсаулығына қамқорлық жасауға дайын.

Жарылгапова Арайлым Маратқызы

балалар дәрігері

09:00 - 18:00

Алимкулова Айгуль Жаканқызы

медбике, диетолог

07:00 - 16:00

Козыбаева Зауреш Төлегенқызы

медбике

09:00 - 18:00

2024 жылы мектептің медициналық қызметі оқушыларға дәрігерлік көмек көрсетумен айналысуға рұқсат алып, лицензиялау процедурасынан сәтті өтті. Лицензия біздің жоғары сапалы медициналық көмек көрсетуге дайын екенімізді растайды.

Оқушылар денсаулығын сақтауға біздің мектебіміз бекітілген  аймақтағы емхана да көмек көрсетеді.

Емхана — Green Clinic – мекен жайы: Хусейн Бен Талал көшесі. 25/1,

Телефон: 8 (7172) 79 77 22

ҚЫЗМЕТ БАҒЫТТАРЫ

Алпамыс мектебінде біз тек медициналық көмек көрсетіп қана қоймай, оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту үшін белсенді жұмыс жүргіземіз. Бұл бағыттағы күш-жігеріміз бірнеше негізгі аспектілерді қамтиды.

Денсаулықты сақтау және салауатты өмір салтын насихаттау:

Мектептің медициналық қызметкерлері оқушылардың физикалық және психикалық саулығын нығайтуға бағытталған салауатты өмір салтын насихаттау бойынша жүйелі іс-шаралар өткізеді. Біз тәрбиелік және ақпараттық-түсіндіру шараларын ұйымдастыру арқылы бұл үдеріске ата-аналар мен мұғалімдерді де тартамыз.

Алғашқы көмек көрсетуге үйрету:

Біздің  мектептің дәрігерлері оқушылар мен мұғалімдерге алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша оқу тренингтерін өткізіп, қажетті білім, білік дағдыларын қалыптастырады. Бұл сабақтар мектеп оқушыларын төтенше жағдайлар кезінде жедел жәрдем келгенге дейін дұрыс әрекет етуге үйретеді.

Пофилактикалық егулер және медициналық тексерулер:

Мектептің медициналық қызметі  Ұлттық егу күнтізбесін қатаң сақтайды және сол күнтізбе негізінде профилактикалық егулер мен вакцина жасайды. Мектепте емхана мамандарының қатысуымен жүйелі түрде профилактикалық медициналық тексерулер жүргізіледі. Бұл тексерулер болуы ықтимал проблемаларды бастапқы кезеңде анықтауға және оның алдын алуға мүмкіндік береді.

Жедел медициналық көмек:

Мектептің медициналық қызметкерлері төтенше жағдайларда, созылмалы аурулардың өршуі кезінде немесе бала кенеттен жарақат алған жағдайда жедел медициналық көмек көрсетуге дайын.

Баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда біз жеделдік қағидатын сақтай отырып, ата-ананың рұқсатынсыз шұғыл шаралар қабылдауға дайынбыз.

Оқушылардың мектептегі медициналық кабинетке бару ережелері

1. Оқушылар келесі жағдайларда мектептегі медициналық қызметке жүгіне алады:

  • Егер мазасы болмай, ауырып, денсаулығы нашарласа;
  • Созылмалы аурулары өршіген кезде;
  • Кенеттен жарақат алғанда, уланған кезде, олардың қай жерде алынғанына қарамастан (мектепке бара жатқанда, мектеп аумағында, сабақта, үзіліс кезінде, іс-шараға қатысу кезінде және т.б.).

 

2. Оқушылар мұғалімге, сынып жетекшісіне, үйірме, секция жетекшілеріне алдын ала хабарлап, сабақтың немесе іс-шараның аяқталуын күтпей-ақ, ал төтенше жағдайларда мұғалімге алдын ала ескертпестен мектептің медициналық кабинетіне баруға құқылы.

 

3. Мектептің медициналық кабинетіне барған кезде оқушылар келесі медициналық қызметтерді ала алады:

  • Алғашқы дәрігерлік көмек;
  • Дене қызыуын, қан қысымын, тамыр соғуын, салмағын, бойын өлшеу,
  • Өз денсаулығын жақсарту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдары туралы кеңес ала алады.

 

4. Медициналық көмек алу барысында оқушылар медициналық  кабинет қызметкеріне келесі жайларды хабарлауға міндетті:

  • Өз көңіл-күйі мен денсаулығындағы өзгерістер туралы.
  • Өз ағзасындағы ерекшеліктер туралы: туа бітті созылмалы аурулардың болуы, бұрын ауырған жұқпалы аурулар, тағамға және басқа заттарға аллергия, т.б.
  • Кейбір дәрі-дәрмектер мен дәрумендерді қабылдағанда олардың  жақпауы, дене шынықтыру бойынша денсаулық тобында болуы.

5. Оқушылар медициналық кабинетке барған кезде:

Дәрігерлер берген нұсқауларды уақтылы және толық орындауға міндетті.

6. Оқушы медициналық кабинетке барып келгеннен кейін:

  • Медициналық кабинетке бару нәтижелері туралы мұғалімге, сынып жетекшісіне, үйірме немесе секция жетекшісіне баяндауы қажет.
  • Медициналық кабинет қызметкерінің нұсқауларын толық және уақытылы орындау (сабақтарды тоқтату; үйге келу; маман дәрігерге немесе басқа емдеу мекемесіне қаралу үшін ауруханаға бару).

7.  Үйге келген соң оқушы:

  • Ата-анасына медициналық кабинетке барғаны және онда көрсетілген медициналық көмек (қабылданған дәрілердің атауы және олардың саны) туралы хабарлауы қажет.
  • Егер медициналық кабинет  қызметкері маман дәрігерге қаралу қажеттілігі туралы нұсқау берген болса, нұсқауды ата-анасына жеткізеді.
  • Қажет болған жағдайда оқушының ата-анасы мектептің медициналық кабинетіне шақырылып, арнайы нұсқаулар беріледі.

Оқушылардың денсаулығы туралы мәліметтерді жаңарту

Әр тоқсанның басында медициналық қызметке оқушылардың демалысы кезінде қандай да бір медициналық көмек алғаны және мектепке оралғаннан кейін дәрі-дәрмек қабылдап жүргені жайлы білу маңызды.

Егер ұлыңыз немесе қызыңыз қандай да бір емдеу шараларын қабылдаса немесе дәрі-дәрмек ішіп жүрсе, мектептің медициналық қызметіне ахуалды егжей-тегжейлі баяндап, ақпарат жіберіңіз.

Егер балаңыз ауырып қалса, ол толық сауыққанша мектепке жібермеңіз. Дене қызуы көтерілгенде, іші өтіп, ауырғанда немесе жүрегі айнып, құсқан жағдайда бала 48 сағат өткенге дейін мектепке келмеуі тиіс.

 Егер сізде сұрақтар болса, Alpamys school медициналық қызметіне хабарласыңыз.

 Медициналық қызметпен байланысу

Электрондық пошта: medical@alpamys.edu.kz