Жұмыс орындары

Басты бет / Жұмыс орындары

ALPAMYS SCHOOL МЕКТЕБІМЕН БІРГЕ ЖАҢА БИІКТЕРДІ ИГЕРІҢІЗ

Тәжірибелі педагогтарды біздің команданың құрамында болуға шақырамыз! Бізде педагогикалық талант, оқуға деген құштарлық пен қызығушылықты арттыру қабілеті  ерекше бағаланады. Алпамыс мектебінің бір мүшесі болу үшін Сіздің біліміңіз бен тәжірибеңіз әлбетте маңызды, алайда, оқушыларды оқуға шабыттандыру және білуге ынталандыру қабілетіңіз одан да маңыздырақ.

Бос оқытушылық позициялар бойынша  біздің командаға қосылыңыз! Ізденімпаз мұғалімдермен бірге кәсіби дамып, білім беру жетістіктеріне толы болашақты  бірге құрайық!

Сіз білім беру саласында өз әлеуетіңізді ашуға дайынсыз ба?

Ендеше, бізге қосылыңыз, мұнда сізге және сіздің кәсіби мансабыңызға жаңа мүмкіндіктер ашылып қана қоймай, өмірбаяныңызда Алпамыс мектебіндегі жетістіктеріңіз жайлы жазылатын болады.

БІЗ ТАТУ ОТБАСЫНЫҢ БІР БӨЛІГІ БОЛҒАНЫМЫЗДЫ
МАҚТАН ТҰТАМЫЗ

Құсайынова Магдалина Мұхамедқарымқызы

Құсайынова Магдалина Мұхамедқарымқызы

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Мұғалім мамандығын таңдап, ата-анамның жолын жалғастырдым.

Алпамыс мектебінде құрылған күннен, 2018 жылдан бастап жұмыс істеймін. Алпамыс – әркім  өз армандары мен амбицияларын жүзеге асыруға қолдау, шабыт және мүмкіндік табатын қауымдастық.

Менің күш-жігерім мен білім беруді дамытуға қосқан үлесім әр түрлі деңгейде бағаланды. Мен «Шығармашыл мұғалім» қалалық байқауының жүлдегерімін, Білім Министрлігінің құрмет грамотасымен  де марапатталдым. Алайда, мен алған ең құнды марапат оқушыларымның маған  берген «Алпамыс мектебінің ең креативті мұғалімі»атағы. Бұл атақ мені үнемі ізденіске талпындырады.

Зайцева Светлана Анатольевна

Зайцева Светлана Анатольевна

бастауыш сынып мұғалімі

Мен үшін Alpamys School – шабыт  көзі және кәсіби даму платформасы. Біз ортақ мақсатқа ұмтылған біртұтас ұжымның мүшелеріміз. Мұнда біз белсенді түрде тәжірибе алмасамыз, жаңа білім аламыз және бір-бірімізді дамуға шабыттандырамыз.

Мектептің қолдауының арқасында мен «Педагог-шебер» ең жоғары біліктілік санатын алдым. Бұл атақты еңбегімді мойындаудың белгісі ғана емес, кәсіби дамуға, жаңашылдыққа жеткізетін қозғаушы күш деп қабылдаймын.

Ұстаз үшін ең басты мәртебе –  оқушыларының өсіп, мақсаттарына жетуін көру. Шәкірттерімді  табысқа жету жолында шабыттандыру және ынталандыру, олардың  өздерінің ең жақсы нұсқасы болуына көмектесу – менің мақсатым.

Назриденов Серік Назриденұлы

Назриденов Серік Назриденұлы

Математика және робототехника мұғалімі

Менің пәнім – Робототехника , ол менің мектебім сияқты қарқынды дамып келеді. Алпамыста әр күн жаңалықтар мен мүмкіндіктерге толы.

Менің оқушыларым облыстық деңгейден халықаралық деңгейге дейінгі жарыстарға белсенді қатысып жүр. Жарыстың қиын сындарынан өтіп, табысқа жеткен  балалардың көздерінен  қуаныш пен шаттықты көру сөзбен жеткізу қиын  ерекше сезім тудырады. Олар құрастырған модель жұмыс істей бастағанда  мен де балалармен бірге қуанамын.

Оқушыларға робототехника негіздерін үйрете отырып, өзім де осы салада үздіксіз оқып, дамып келемін.

Оқушыларымның жетістіктері мені технология саласындағы жаңа жетістіктерге ұмтылуға, оқыту процесінен рахат алуға шабыттандырады.

Бос жұмыс орындарының тізімі

Жұмыс атауы

Қазақ тілінде оқытатын бастауыш мектеп мұғалімі

Жұмыс атауы

Орыс тілінде оқытатын бастауыш мектеп мұғалімі

Жұмыс атауы

Саз балшық шеберханасының жетекшісі

Жұмыс атауы

Аэрокосмонавтика (аэромодельдеу) үйірмесінің жетекшісі

Жұмыс атауы

Ағылшын тілінде оқытатын физика пәнінің мұғалімі

Жұмыс атауы

Ағылшын тілінде оқытатын информатика пәнінің мұғалімі

Жұмыс атауы

Орыс және қазақ тілдерінде оқытатын тарих пәнінің мұғалімі