Ұйымдық құрылым

Басты бет / Ұйымдық құрылым

АЛПАМЫС МЕКТЕБІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰРЫЛЫМЫ

 

Алпамыс мектебінің ұйымдық құрылымы оқу үдерісін тиімді үйлестіруге және басқаруға, сапалы оқытуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ мұғалімдер мен қызметкерлерге қолдау көрсетуге бағытталған.

Білім беруді қолдау қызметкерлері, соның ішінде кітапхана, психологиялық және медициналық қызметтер, асхана, қауіпсіздік инженері және IT маманы оқушылардың қауіпсіздігін, денсаулығын және қолайлы жайлы ортада оқуын қамтамасыз ету үшін бірлесіп жұмыс жүргізеді.

Alpamys School әкімшілігінің құрамы

Жакенов Мейрам Әміржанұлы

1976 жылы Қарағанды ​​политехникалық институтын, 1990 жылы  португал тілі мамандығы бойынша Ленинград мемлекеттік университетін бітірді.

Мейрам Әміржанұлы еңбек жолын 1977 жылы Көкшетау индустриалды педагогикалық колледжінде оқытушы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып бастаған.

1990-1993 жылдары Ангола Республикасында педагогикалық институтта әдістеме және психология оқытушысы, португал тілінің аудармашысы болып жұмыс істеді.

1993-2000 жылдары Қарағанды ​​облысының оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары, кейін Қарағанды ​​қаласындағы дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. 2007 жылы Қарағанды ​​облысының дарынды балалармен жұмыс жөніндегі облыстық ғылыми-әдістемелік орталығының директоры болды.

2008 жылы Астана қаласында ашылған  физика-математика бағытындағы бірінші Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры болып тағайындалды.

2013-2015 жж. – Кембридж университетінде «Білім берудегі көшбасшылық және мектепті жетілдіру» ғылыми тағылымдамасынан өтті.

Мейрам Әміржанұлы – дарынды балалардың интеллектуалдық белсенділігі жайлы көптеген еңбектердің авторы.

«Құрмет» орденімен марапатталған, «Ы. Алтынсарин» төсбелгісінің иегері,  Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері.

 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап Алпамыс мектебінің директоры қызметін атқарып келеді.

Иманбекова Э.K

Директордың орынбасары

Оспан Р. Ж.

Директордың орынбасары

Умарова О. О.

Директордың оқу ісі бойынша орынбасары

Тен И. А.

Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары