Alpamys School бастауыш, негізгі орта және жалпы орта мектеп бағдарламаларын іске асырады.

Бұл бөлімде оқыту үрдісінің негізгі тұстарын қамтитын мектептің білім беру саясаты туралы барлық қажетті ақпарат жинақталған.

Alpamys School академиялық саясаты білім беру қызметінің стандарттары мен принциптерін анықтайды.

БІЛІМ БЕРУДІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ:

Біз оқушыны тұлға және қоғамның белсенді мүшесі ретінде дамытатын жайлы білім беру ортасын құруға ұмтыламыз.

Біздің құндылықтарымыз — адалдық, көшбасшылық, толеранттылық, жайлылық және жауапкершілік. Біз сыни ойлау, ынтымақтастық және дербес білім алу дағдыларын қалыптастыруды қолдаймыз.

Біздің мақсатымыз — білімді жеткізу ғана емес, оқу кеңістігін қызықты және мағыналы орын ретінде дамыта отырып, баланы оқуға шабыттандыру.

Alpamys School оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына негізделген.

Бағдарламалардың мазмұны оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған.

Мектептің Академиялық саясаты білім саласындағы өзгерістерге, білім беру процесіне қатысушылардың кері байланысы негізінде қайта қаралып, жүйелі жаңартылып отырады. Біз заман талабына сай икемді болу және оқушылардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру үшін оқу жоспары мен бағдарламаларына түзетулер енгізуге тырысамыз.

ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ:

Оқу жылының басталу және аяқталу мерзімі: 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2024 жылғы 25 мамырды қоса алғанға дейін.

Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасын,

2-11-сыныптарда – 34 оқу аптасын құрайды..

БАСТАУЫШ МЕКТЕП НЕГІЗГІ МЕКТЕП ОРТА МЕКТЕП

2023/2024 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ДЕМАЛЫС МЕРЗІМІ

  • күзгі демалыс – 7 күн-2023 жылғы 30 қазаннан 5 қарашаға дейін;
  • қысқы демалыс — 10 күн — 2023 жылғы 29 желтоқсаннан бастап 2024 жылғы 7 қаңтарға дейін;
  • көктемгі демалыс — 11 күн — 2024 жылғы 21-31 наурыз аралығында;
  • жазғы демалыс- 98 күн — 26 мамырдан 31 тамызды қоса алғанға дейін.
  • бірінші сыныптарда қосымша демалыс — 7 күн — 2024 жылдың 5-11 ақпан аралығында.

Білім беру процесі 5 күндік оқу аптасы бойынша жүзеге асырылады.

Сондай-ақ сенбі күндері арнайы кесте бойынша қосымша сабақтар өткізіледі.

ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған құзыреттілік тәсіл.

Нақты мәселелерді шешу, зерттеу және жобалар тұрғысынан оқытуға арналған проблемалық-бағдарланған тәсіл

Инженерлік-техникалық білім мен қолданбалы өнерді дамытатын STEM/ ЅТЕАМ технологиясына негізделген тәсіл.

Оқушылардың қажеттіліктеріне бағытталған жеке сабақтар.

СИНГАПУРДЫҢ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ALPAMYS SCHOOLда ҚОЛДАНУ

Alpamys School мұғалімдері үздік халықаралық тәжірибелерді назарға ала отырып, жұмыс тәжірибесіне «Сингапурлық әдістемені» енгізуде. Сингапурдың білім беру технологиялары командалық жұмыс түрлеріне негізделген және оның мақсаты — ұжымда психологиялық жайлы орта құру.

ЗЕРТТЕУ-ЖОБАЛАУ ҚЫЗМЕТІ

Оқушыларымызға өз ойын еркін білдіруге және дамуға бірегей мүмкіндіктер бере отырып, Alpamys School зерттеу және жобалау қызметін оқу-тәрбие процесіне кіріктіруге ұмтылады.

Зерттеу және жобалау қызметі — оқушылардың сыни ойлауына, шығармашылық қабілеттерін және дербестігін дамытуға ықпал ететін оқытудың бірегей түрі.

Осы қызмет аясында біздің оқушылар зерттеу жүргізумен, деректерді талдаумен, өз идеяларын тұжырымдаумен және жобалар жасаумен белсенді айналысады.

Көбірек білу

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ

Бағалау нормативтік құқықтық актілерге, педагогтерге, ата-аналарға

және білім алушыларға көмек ретінде әзірленген әдістемелік материалдарға

сәйкес жүргізіледі:

– «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және

қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» ҚР Білім

және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 13.04.2023 ж. №96 бұйрығымен енгізілген өзгерістерге сәйкес;

– «Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы»

ҚР БҒМ 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 52 бұйрығы;

– Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде орта мектеп үшін критериалды

бағалау және құжаттау рәсімдері жөніндегі нұсқаулық;

Критериалды жүйенің негізгі компоненттері формативті (ФБ) және

жиынтық бағалау (ЖБ) болып табылады.

ФБ білім алушылардың ағымдағы білімді меңгеру және дағдыларының

қалыптасу деңгейін анықтайды.

Жазбаша немесе ауызша өткізілген бағалаудың осы түрі арқылы мұғалім оқушының жеке жетістіктері мен үлгірімінің ілгерілеуі туралы толық мәлімет алады.

Жиынтық бағалау – оқу бағдарламасының бөлімдерін зерделеу

аяқталғаннан кейін және оқу тоқсанының соңында білім алушылардың білімді меңгеру деңгейін және дағдыларының қалыптасуын айқындайтын бағалау.

Егер ФБ оқу процесінде білім алушылардың үлгерімін тексерсе, онда ЖБ

бөлімді / ортақ тақырыпты (БЖБ) және тоқсанды (ТЖБ) зерделеуді аяқтағаннан кейін білім алушылардың құзыреттілік деңгейін анықтауға бағытталған.

Формативті және жиынтық бағалау нәтижелері бойынша білім алушыларға тоқсандағы оқу жетістіктерін бағалау кезінде ескерілетін балдар қойылады.

ФБ кезінде білім алушылардың оқу жетістіктері балл қою арқылы

бағаланады. ФБ үшін ең жоғары балл 2-11-сыныптарда 1-ден 10 балға дейін.

БЖБ үшін ең жоғары балл 1-4-сыныптарда 7-ден кем емес және 15 балдан

көп емес, 5-11(12) сыныптарда 7-ден кем емес және 20 балдан аспайды.

KUNDELIK.KZ

Kundelik.kz – бұл Қазақстан Республикасы бойынша бірыңғай білім беру интернет-порталы, мектептің барлық ақпараты жинақталған автоматтандырылған ақпараттық жүйе.

Порталдан:

  • Сабақ кестесін;
  • Үй тапсырмасын;
  • Оқушылардың рейтингі мен үлгерімін табуға болады.

Көбірек білу

МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ МЕРЗІМДЕРІ

І жартыжылдықтағы қаңтар

II жартыжылдықтағы сәуір

ОҚУШЫЛАРДЫҢ, ПЕДАГОГТАРДЫҢ ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ

Alpamys School Академиялық саясаты білім беру процесінің әрбір қатысушысының — оқушылардың, педагогтардың және ата-аналардың нақты міндеттерін анықтайды. Бұл міндеттер оқушыларымыздың мүддесі үшін табысты және нәтижелі ынтымақтастықтың негізі болып табылады.

Alpamys School оқушыларының міндеттері:

Оқытуға белсенді қатысу: Оқушылар оқу процесіне белсенді қатысуға, пәндерге қызығушылық танытуға, сұрақтар қоюға және сыныптық пікірталастарға қатысуға міндетті.

Өзіндік жұмыс: оқушылар сабаққа өз бетінше дайындық жасап, өткен материалды үнемі қайталап, үй тапсырмасын орындап, түрлі жобаларға қатысуға міндетті.

Оқу тәртібін сақтау: оқушылар оқу тәртібінің ережелерін қатаң сақтауға, сабаққа уақытында келуге, оқу материалдарын ұқыпты орындауға және рәсімдеуге, жолдастары мен ұстаздарын құрметтеуге міндетті.

Басқалардың құқықтары мен пікірлерін құрметтеу: оқушылар сыныптастары мен ұстаздарының пікірлерін құрметтеп, сыныпта бір-біріне қолдау көрсететін жайлы жағдай жасауы керек.

 

Қосымша іс-шараларға қатысу: оқушылардың сыныптан тыс іс-шараларға, спорт секцияларына, ғылыми жобаларға, басқа да білім беру және мәдени іс-шараларға белсенді қатысуы білім беру процесінің маңызды элементі болып табылады.

Alpamys School педагогтарының міндеттері:

 

Сапалы оқыту: мұғалімдер оқушылардың қажеттіліктерін ескеріп, оқытудың заманауи әдістерін қолдана отырып, сапалы білім беруге міндетті.

Қолдау ортасын құру: мұғалімдер әр оқушы өзін жайлы және қауіпсіз сезінетін қолдау ортасын құруға міндетті.

Жеке тәсіл: мұғалімдер әр оқушының жеке ерекшеліктерін ескеріп, оқыту әдістемесін бала ерекшелігіне бейімдеп, қажет болған жағдайда қосымша қолдау көрсетуі керек.

 

Кері байланыс: оқу үлгерімі, оқушының жеке дағдыларын дамыту бойынша жасалатын тұрақты кері байланыс мұғалім міндеттерінің ажырамас бөлігі болып табылады.

 

Кәсіби даму: мұғалімдер кәсіби үздіксіз дамуға, білім берудегі жаңа тенденцияларды қадағалап, оларды өз тәжірибелерінде қолдануға міндетті.

 

Alpamys Schoolата-аналардың міндеттері:

Білім беру процесіне қатысу: ата-аналар балаларын оқуда қолдау және олардың жетістіктерін бақылау арқылы білім беру процесіне белсенді қатысуға міндетті.

Мұғалімдермен ынтымақтастық: ата-аналар мұғалімдермен ашық қарым-қатынасты сақтауы керек, балаларының үлгерімі туралы ақпарат алмасу үшін ата-аналар жиналыстары мен консультацияларға қатысуға міндетті.

 

Үйде білім беру ортасын құру: ата-аналар оқу үшін үйде жағдай жасауға, қажетті материалдармен қамтамасыз етуге және баланың білімге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етуге міндетті.

 

Баланың белсенділігін бақылау: Ата-аналар балаларының оқу белсенділігін үнемі бақылап отырады, уақыттарын тиімді ұйымдастыруға көмектеседі және олардың тәуелсіздік дағдыларын дамытады.

 

Жан-жақты дамуды қолдау: ата-аналар жеке тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал ете отырып, балалардың әртүрлі қосымша іс-шараларға қатысуға ынталандырады.

 

Оқушылардың, педагогтардың және ата-аналардың өзара тиімді іс-әрекеті қолайлы да жайлы білім беру ортасын қалыптастырады және Alpamys School әрбір оқушысының жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.

 

ШАҒЫМДАНУ ЖӘНЕ ЖАНЖАЛДЫ ЖАҒДАЙДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ

 

Шағымдану және жанжалды жағдайларды шешу тәртібі ашықтық, әділдік негізінде білім беру процесіне қатысушылардың құқықтарын құрметтеуді ескере отырып әзірленген.

Alpamys School білім беру және тұлғааралық қатынастар саласындағы жоғары стандарттарды үнемі жетілдіруге және қатаң сақтауға тырысады.

 

БАҒАЛАР МЕН ШЕШІМДЕРГЕ ШАҒЫМДАНУ:

1.1. Қойылған бағамен келіспеген жағдайда оқушы немесе оның ата – анасы белгіленген мерзімде-3 күн жазбаша шағым беруге құқылы.

1.2. Шағымда шағымдану себептерін егжей-тегжейлі түсіндіру, орындалған тапсырмалар мен жасалған ескертулер сияқты қажетті дәлелдемелер қоса көрсетілуі қажет.

1.3. Бағалау жүргізген мұғалім шағымды 2 күн ішінде қарауға және қабылданған шешімге жазбаша түсініктеме беруге міндетті.

1.4. Оқушы немесе ата-ана қабылданған шешімге наразы болған жағдайда, шағымды түпкілікті қарауға мектеп әкімшілігі кіріседі.

 

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ

Microsoft Teams онлайн платформасын пайдалана отырып, біз қашықтықтан оқытуды қамтамасыз етеміз. 1-11 сынып оқушыларына арналған қашықтықтан оқыту сабақтары  қолайсыз ауа-райына байланысты оқу уақытша тоқтатылған кезде, табиғи апаттар, соғыс қимылдары, пандемия сияқты төтенше жағдайларда мектепте сабақ өткізу мүмкін болмаған кезде өткізіледі.

Microsoft Teams қосымшасында мұғалімдер нұсқаулар мен тапсырмалармен қоса оқушының өзін-өзі оқытуына қажет барлық материалдарды жүктейді. Сабақ кестесімен белгіленген уақыт ішінде мұғалімдер байланыста болып, оқушыларға жеке қолдау көрсетеді.

Онлайн сабақтар күні оқушылар кесте бойынша уақтылы қосылып, орындалған тапсырмаларды мұғалімге жіберуі керек. Сынып жетекшілері мен ата-аналар Microsoft Teams платформасында оқушылардың жұмысын бақылауға міндетті.

Көбірек білу

Alpamys School Академиялық саясаты мектеп қауымдастығының негізін құрайды. Біз білім беру процесіне қатысушылардың бәрін Академиялық саясатты басшылыққа алуға және қолайлы білім беру ортасын құруға өзіндік үлес қосуға шақырамыз.