23 қыркүйекте Alpamys School мектебінде «Ағылшын тілі сабағы 2026–2027: ЖИ, оқытудың коммуникативтік стратегиялары және әр оқушыны оқу үдерісіне тарту» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинарға 60-тан астам пән мұғалімдері қатысып, барша педагогтерді ағылшын тілі сабағын әр оқушы үшін заманауи, тиімді әрі қызықты ету жолдары қандай? — деген маңызды сұрақ төңірегіне біріктірді.
ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ
Семинардың басты мақсаты — тиімді педагогикалық тәжірибелермен бөлісу, ағылшын тілі мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру және білім беру үдерісін ұйымдастырудың заманауи тәсілдерімен танысу.
Сем инар бағдарламасы аясында Alpamys School мектебінің ағылшын тілі мұғалімдері ашық сабақтар мен шеберлік сағаттарын өткізіп, оқушыларды оқу үдерісіне белсенді тартуға мүмкіндік беретін практикалық құралдар мен коммуникативтік стратегияларды ұсынды.
Кәсіби басқосуда білім берудегі жасанды интеллект мүмкіндіктеріне де ерекше назар аударылды. ЖИ-ді оқу үдерісін қолдайтын, мұғалімнің мүмкіндіктерін кеңейтетін және оқушылармен жұмыстың жаңа форматтарын қалыптастыратын тиімді құрал ретінде қолдану тәжірибесі көрсетілді.
БІЛІМ — ӘРЕКЕТТЕ
Бағдарламаның маңызды бөліктерінің бірі — TEDx AS оқушылар конференциясы болды. Қатысушылар оқушылардың коммуникация, көпшілік алдында сөйлеу және сыни ойлау дағдыларын тәжірибе жүзінде қалай қолданатынын көре алды.
Ал 4–5 сынып оқушылары мектеп қонақтарына ағылшын тілін тәжірибеде қолданудың тағы бір жарқын үлгісін ұсынды. Оқушылар ағылшын тілінде «The Magic School» атты шағын қойылым көрсетті.
КӘСІБИ КӨЗҚАРАС
«Әдіскер ретінде семинардан көптеген практикалық идеялар мен пайдалы құралдар алдым. Ең бастысы, заманауи ағылшын тілі сабағында технологиялар мен ЖИ мұғалімнің мүмкіндіктерін кеңейтуі жақсы көрініс тапты. Оқушылардың белсенді өзара әрекеті мен сыни ойлауын дамыту білім беру үдерісінің негізгі құрамдас бөлігі екендігі айқын көрінді», — деп атап өтті Әдістемелік орталықтың әдіскері Имсаилова Сандуғаш.
Әдіскердің пікірінше, семинардың құндылығы практикалық тәжірибе, кәсіби диалог және заманауи білім беру технологияларының үйлесімінен көрінді.
ДАМУДЫ ЖАЛҒАСТЫРАТЫН БІЛІМ
Alpamys School үшін мұндай кездесулер — тәжірибемен ашық алмасуға, бір-бірінен үйренуге және заманауи сабаққа арналған жаңа шешімдерді бірге іздеуге мүмкіндік беретін кәсіби алаң.
Семинарға келген барша педагогтерге қатысқаны, мазмұнды кәсіби диалог үшін және бірге дамуға деген ұмтылыстары үшін алғыс білдіреміз.
Alpamys School — оқушылар ғана емес, мұғалімдер де білім алатын кеңістік.