Басты бет / Жаңалықтар / ALPAMYS SCHOOL СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ МЕРЕКЕСІ

ALPAMYS SCHOOL СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ МЕРЕКЕСІ

2024 жылдың 25 мамырында Алпамыс  мектебінде оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиын өтті. Биылғы салтанат ерекше, өйткені мектеп алғаш рет түлектерін ұядан ұшырып отыр.

Мектеп өз түлектерін мақтан тұтады. 13 мектеп бітіруші жастардың қатарында пәндік олимпиадалар мен түрлі байқаулардың жеңімпаздары бар. Чувакова Камила – ерекше үлгідегі аттестатқа үміткер, ағылшын тілі бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің күміс жүлдегері. Маратбеков Ерасыл – «STEM Олимпиада-Білім берудегі инновациялар» қалалық және информатика бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің жүлдегері. Мәсел Ерсұлтан – орыс тілі бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің күміс жүлдегері және «STEM Олимпиада – Білім берудегі инновациялар» қалалық олимпиадасының жүлдегері. Недзвецкая Эдита — «Тіл – мемлекет  тәуелсіздігінің нышаны» қазақ тілі олимпиадасының жеңімпазы, құқық негіздері бойынша облыстық олимпиаданың жүлдегері.

2023-2024 оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты мектеп директоры Мейрам Жәкенов ашып, түлектерге сәттілік, өзіне деген сенім және ҰБТ-ны сәтті тапсыруды тіледі. Сондай-ақ, Мейрам Әміржанұлы биылғы оқу жылында Алпамыс мектебінің 429 оқушысы түрлі конкурстар мен олимпиадаларға қатысып, 184 оқушы жүлделі орындарға ие болғанын атап өтті. 105 оқушы қалалық, 17 — Республикалық, 10 — халықаралық деңгейдегі жүлдегерлер атанды.

Мерекеде «Alpamys School Awards-2024» байқауының «Жыл оқушысы», «Жыл белсендісі», «Жыл спортшысы», «Жылдың үздік оқырманы», «Жыл еріктісі», «Жыл зерттеушісі»номинациялары бойынша жеңімпаздары мен оқу озаттары марапатталды.

Оқу жылының аяқталуымен мектеп түлектері мен мұғалімдерді Қазақстан Республикасы Парламенті аппараты басшысының орынбасары Болат Серікұлы Кальянбеков, ата-аналардың атынан Кожамбердиев Маратбек Райымжанович құттықтады.

Мектептің «Айгөлек» би студиясы, вокалдық топ, сондай-ақ Student Council мүшелері мерекелік салтанатқа жиналғандарға музыкалық тарту жасады. Мерекенің ерекше сәті көрермендерге көптеген эмоциялар  сыйлаған мектеп бітірушілер орындаған вальс болды.

Мерекелік салтанатта Алпамыс бастаған ертегі кейіпкерлері түлектерге сәттілік пен жетістіктер әкелетін сиқырлы бойтұмарлар сыйлады.

Соңғы қоңырауды соғу құрметі оқу озаты, 11-сынып оқушысы Камила Чувакова мен 4- сынып оқушысы, «Алтын сақа» математика олимпиадасының және «Бастау» қалалық математика турнирінің жүлдегері Әлихан Жүнісовке берілді. Соғылған қоңырау мектептің саз-балшық шеберханасында бірінші түлектерге арнап арнайы жасалды.

Мереке «Түлектер аллеясында» аяқталды, онда он бірінші сынып оқушылары күзде отырғызған ағаштарына өздерінің өмірлік сенімі жазылған атаулы тақтайшаларды бекітті. Бұл сәт түлектер өміріндегі жаңа кезеңнің басталуының символындай болды.

Түлектерімізге емтихандарда сәттілік және болашақта үлкен табыс, ал барлық оқушыларға – көңілді демалыс тілейміз!

Біздің соңғы жаңалықтарымыз

Alpamys School. Шексіз мүмкіндіктер әлеміне есік ашыңыз!

Читать

«ALPAMYS — ТЕАТР МЕКТЕБІ» ШАҚЫРАДЫ

Читать

«АЛПАМЫС QAZAQ ONER: ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ОРТАЛЫҒЫ» ШАҚЫРАДЫ!

Читать