Басты бет / Жаңалықтар / ЖҰЛДЫЗДАР ЖАНАТЫН ОРЫН: ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ЖАРҚЫН ҚОРЫТЫНДЫСЫ

ЖҰЛДЫЗДАР ЖАНАТЫН ОРЫН: ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ЖАРҚЫН ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Alpamys School мектебінде оқу жылы өз мәресіне жақындап келеді — бұл жыл оқушыларымыз үшін табанды еңбек, жарқын жеңістер, шығармашылық ізденіс жылы болды. Дәстүрге сай оқу жылының қорытындысы ретінде жыл сайынғы «Жұлдыздар шеруі — Парад звёзд» өтті.

15 мамыр күні Alpamys School қабырғасында пәндік олимпиадалар мен зияткерлік байқаулардың, ғылыми жобалардың, шығармашылық фестивальдер мен техникалық жарыстардың жеңімпаздары — ең талантты, белсенді оқушылар салтанатты түрде марапатталды. Мерекенің басты кейіпкерлері — құрметті номинациялар бойынша дипломдар мен естелік медальдарға ие болған 90-нан астам оқушы:

  • «Тарлан» — беделді байқаулар мен халықаралық олимпиадалардағы жеңістері үшін;
  • «Жыл ізденімпазы» — интеллектуалдық байқаулардағы жоғары нәтижелері үшін;
  • «Парасат» — жоғары интеллекті мен пәндік олимпиадаларға белсенді қатысқаны үшін;
  • «Тапқыр» — тапқырлығы мен техникалық жарыстардағы жетістіктері үшін;
  • «Юное дарование» — өнер байқаулары мен фестивальдеріндегі жарқын жеңістері үшін;
  • «Өнерлі өрен» — шығармашылық қабілеті мен креативтілігі үшін;
  • «Зерде» — ғылыми-зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары үшін мадақталды.

Осы салтанатты күннің қуанышымен бөлісіп, жеңімпаздарды құттықтауға құрметті қонақтар — Назарбаев Университеті және Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары келді. Қонақтар лауреаттарға дипломдар мен медальдар табыстап, оқушылардың жоғары дайындық деңгейін, білімге, зерттеуге және шығармашылыққа деген ұмтылысын ерекше атап өтті.

«Жұлдыздар шеруі — Парад звёзд» жетістіктердің, шабыттың және мектеп мақтанышының нағыз мерекесіне айналды. Бұл күн тағы бір мәрте Alpamys School қабырғасында болашақ ғалымдар, инженерлер, көшбасшылар, өнерпаздар мен жаңашыл тұлғалардың өсіп келе жатқанын дәлелдеді. Олар өз армандарына батыл қадам жасап, жаңа белестерді бағындыруға дайын!

Біздің соңғы жаңалықтарымыз

Алпамыс мектебінің 2026 жылғы түлектері аттестат алды

Читать

ALPAMYS МЕКТЕБІНДЕ «ALPAMYS ARTCAMP – 2026» ЖАЗҒЫ ЛАГЕРІНІҢ БІРІНШІ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

Читать

ТҮЛЕКТЕР ТҰСБАҒДАРЫ: АҚ ЖОЛ, САҒАН, ЖАС ТҮЛЕК!

Читать