Басты бет / Жаңалықтар / ЖҮЗУ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ!

ЖҮЗУ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ!

2024 жылдың 25, 26 мамырында Алпамыс мектебінде жүзуден жыл сайынғы жарыс өтті. 25 мамыр күні жүзуден жарысқа 1-11 сыныптардың 150-ге жуық, 26 мамыр күні 250-ге жуық спортшылар қатысты. Жарыста ұлдар мен қыздар 25 м және 50 м қысқа қашықтыққа төрт жас арасындағы категория бойынша сынға түсті. Бұл жарыстар оқушыларға өмірлік маңызы зор жүзу шеберлігін көрсетуге мүмкіндік берді. Жас кезінде суда жүзіп үйренген адамның миы кеш «қартаяды».  Жүзу барлық бұлшық ет топтарын нығайтады, бойды сергітіп, жағымсыз әсерлерден арылтады. Бұл жалпы физикалық дамуға және денсаулықты сақтауға ықпал ететін пайдалы, сонымен қатар өте маңызды спорт түрі.

Біз суда жүзумен айналысуға уақыт тапқан оқушыларымызды, жүзуді үйренуге деген құлшынысы зор өз чемпиондарымызды мақтан тұтамыз. Жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырған жаттықтырушыларымыздың да еңбегін атап өткен жөн. Алпамыс мектебінің әртүрлі деңгейдегі  жарыстарда бас жүлделер мен үлкен жетістіктерге жететін жүзгіштері көп болатынына сенеміз. Салауатты өмір салтын ұстаныңыз және жүзумен айналысыңыз! Жүзу – денсаулық кепілі!

Біздің соңғы жаңалықтарымыз

Alpamys School. Шексіз мүмкіндіктер әлеміне есік ашыңыз!

Читать

«ALPAMYS — ТЕАТР МЕКТЕБІ» ШАҚЫРАДЫ

Читать

«АЛПАМЫС QAZAQ ONER: ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ОРТАЛЫҒЫ» ШАҚЫРАДЫ!

Читать