Басты бет / Жаңалықтар / «Менің бақытты жанұям» атты көрме ұйымдастырылды

«Менің бақытты жанұям» атты көрме ұйымдастырылды

Жақында Алпамыс мектебінде «Менің бақытты жанұям» атты фотосуреттер мен суреттер көрмесі өтті. Көрмеге 170-тен аса фотосуреттер мен түрлі жанрда  салынған суреттер қойылды. Оқу жылының алғашқы онкүндігінде ұйымдастырылған көрме оқушыларымыздың  отбасындағы бақыт пен шаттықты сезінуге мүмкіндік берді. Суреттерге қызыға үңілген оқушылар мен мұғалімдер мектеп ұжымының мүшелері жайлы көптеген қызықты мәліметтер алды. Мысалы, 9-сынып оқушысы Никита  Чайниковтар жанұясының 4 ұрпақ өкілдері – үлкен атасы, атасы, әкесі және өзінің суреттерін көрсетті. Рания Ерболат өзінің көп балалы жанұясымен таныстырды. Арслан Садыков ұсынған  графика жанрында салынған жанұя суреті көпті таң қалдырды. 6-сынып оқушысы Амина Битебаева «Бақытты демалыс – отбасылық  демалыс» тақырыбында сурет коллажын құрастырса, Сакен Акылжан, Аяла Шырынхан, Султана Мейрамова, Хамза Булатов отбасында бірге атқарған қызықты істер жайлы коллаж жасапты. Қазылар алқасына топ жарған, үздік жұмысты анықтау қиынға соққанына қарамастан, көрмеге атсалысқан жеңімпаздар түрлі номинациялар бойынша марапатқа ие болды.

Біздің соңғы жаңалықтарымыз

Құрметті ұстаздар!

Читать

02.10.2024

Alpamys School: Халықаралық болашаққа қадам

Читать

«АЛТЫН САҚА» МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ

Читать