Басты бет / Жаңалықтар / МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ТІЛЕУЖАН БАТАНОВ КӨРМЕСІНДЕ

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ТІЛЕУЖАН БАТАНОВ КӨРМЕСІНДЕ

25 қыркүйекте бейнелеу өнеріне бей-жай қарамайтын Alpamys School-дың 40-тан астам оқушысы Қазақстан Суретшілер одағы мен дизайнерлер Одағының мүшесі, академик, профессор Тілеужан Батановтың «Сезім» атты жеке көрмесіне барды.

Ұлттық музейде өткен іс-шара мектеп пен суретші арасындағы жылы қарым-қатынасты дамытудағы тағы бір маңызды сәт болды. Алпамыс мектебінің оқушылары шебердің шығармашылығымен таныс — өткен жылы Тілеужан Бағыбайұлы біздің жас суретшілерімізге шеберлік сабағын өткізген болатын.

Көрменің ашылуында қазақ тілі мұғалімі Ақлес Дүсіпова сөз сөйлеп,  суретшінің балалардың дамуына қосқан үлесін атап өтті, мектеп директорының атынан  шеберге алғыс хат табыс етті.

Балалар әртүрлі техникалар мен жанрларда орындалған шығармаларды қызығушылықпен тамашалады. Көрме оқушыларға өнердің жан-жақтылығын тереңірек түсінуге мүмкіндік беріп, шығармашылық жетістіктерге шабыттандырды.

Біздің соңғы жаңалықтарымыз

28.08.2026

МЫҚТЫ КОМАНДА. ҮЛКЕН МАҚСАТТАР. ЖАҢА БАСТАУ.

Читать

01.09.2026

АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ. АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ. ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ.

Читать

Алпамыс мектебінің 2026 жылғы түлектері аттестат алды

Читать