Басты бет / Жаңалықтар / FOCUS ROOM — ЖАҢА ИДЕЯЛАР ТУЫНДАЙТЫН ОРЫН

FOCUS ROOM — ЖАҢА ИДЕЯЛАР ТУЫНДАЙТЫН ОРЫН

Alpamys School мектебінің әр қабатында арнайы капсулалар — бірнеше Focus Room орнатылған. Бұл дыбыс өткізбейтін, жайлы акустика, жоғары зейін және өнімді жұмыс үшін жасалған арнайы кеңістіктер.

Focus Room — жай ғана капсула емес, бұл шу мен цифрлық алаңдататын факторлар барынша азайтылған интеллектуалды зертхана.

Мұнда оқушылардың «63 даналық шыңы» жобасы бойынша кітап оқуға, академиялық жазу мен ауызекі сөйлеуді дамытуға, сондай-ақ халықаралық IELTS, SAT емтихандарға дайындалуға мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ бұл жерде мұғалімдер оқушылармен жеке жұмыс жүргізіп, тыңдалым  және айтылым бойынша сабақтар өткізеді.

Алпамыс мектебіндегі Focus Room — терең түсінікке, жоғары нәтижелерге және саналы білім алуға ұмтылатын жеткіншектерге арналған осындай ерекше  орын.

Біздің соңғы жаңалықтарымыз

FOCUS ROOM — ЖАҢА ИДЕЯЛАР ТУЫНДАЙТЫН ОРЫН

Читать

FIRO 2026 ЖЕҢІМПАЗДАРЫ – МЕКТЕП МАҚТАНЫШЫ!

Читать

ШАБЫТҚА ШАҚЫРҒАН КЛАССИКА

Читать