Басты бет / Жаңалықтар / FIRO 2026 ЖЕҢІМПАЗДАРЫ – МЕКТЕП МАҚТАНЫШЫ!

FIRO 2026 ЖЕҢІМПАЗДАРЫ – МЕКТЕП МАҚТАНЫШЫ!

Бүгін Alpamys School өз чемпиондарын — робототехника бойынша халықаралық олимпиада жеңімпаздарын — әуежайда үлкен мақтанышпен қарсы алды.

Fibonacci International Robot Olympiad (FIRO) — бұл оқушылар мен студенттерге арналған беделді халықаралық робототехника сайысы. Сайыс инженерлік ойлау, логика және шығармашылықты дамытуға бағытталған.

2026 жылғы 22–26 сәуір аралығында Түркияның Анталья қаласында өткен осы жарысқа 18 елдің командалары қатысты. Біздің оқушылар мен жаттықтырушылар жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды!

Жаттықтырушы: Қыстаубай Ж.Н.

  • Footbot Lego League (1–4 сынып) — Нажмиденов Амирали (4А), 1 орын
  • Footbot Lego League (9–11 сынып) — Нұрәділұлы Тамерлан (10F), 3 орын
  • Lego Sumo 3 kg (1–4 сынып) — Жеңісұлы Ерасыл (3А), 1 орын
  • Lego Sumo 1 kg (1–4 сынып) — Адил Абай (4А), 1 орын

Жаттықтырушы: Надирбеков А.Б.

  • Lego Sumo 1 kg (University) — Кенжегали Айбар (10F), 1 орын
  • Lego Sumo 1 kg (9–11 сынып) — Мельник Ксения (10G), 1 орын
  • Lego Sumo 3 kg (University) — Надирбеков А.Б., 1 орын

Жеңімпаз оқушыларымыз бен жаттықтырушыларымызды Халықаралық жарыстағы елеулі жеңістерімен құттықтаймыз!

Біздің соңғы жаңалықтарымыз

28.08.2026

МЫҚТЫ КОМАНДА. ҮЛКЕН МАҚСАТТАР. ЖАҢА БАСТАУ.

Читать

01.09.2026

АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ. АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ. ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ.

Читать

Алпамыс мектебінің 2026 жылғы түлектері аттестат алды

Читать