Басты бет / Жаңалықтар / ALPAMYS SCHOOL. ЖҰЛДЫЗДАР ШЕРУІ

ALPAMYS SCHOOL. ЖҰЛДЫЗДАР ШЕРУІ

Дәстүр бойынша, оқу жылының соңында Alpamys School-да оқушыларымыздың зияткерлік, шығармашылық және спорттық іс-шараларға қатысу нәтижелерін саралаймыз.

17 мамырда ұйымдастырылған «Жұлдыздар шеруі» мерекесінде  мектептің ең ақылды, белсенді, ізденімпаз дарындарының, спортта алда болған, шығармашылығымен көзге түскен оқушылардың есімдері аталды.

55-тен астам оқушыға «Жыл ізденімпазы», «Дарын», «Парасат», «Өнерлі өрен», «Зерде»номинациялары бойынша дипломдар мен естелік медальдар табыс етілді.

2023-2024 оқу жылындағы олимпиадалар, конкурстар мен жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Мұқажанова Лилия Галимовна, филология ғылымдарының кандидаты, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, Сүгүрбекова Гүлнара Қалменқызы, химия ғылымдарының докторы, Назарбаев университетінің профессоры және т. б. ғалымдар, арнайы шақырылған құрметті қонақтар құттықтады.

«Педагог-тәлімгерлерге және біздің барлық оқушыларымызға олардың еңбегі, шыдамдылығы мен жарқын жеңістері үшін зор алғыс айтамыз! Сіздердің қол жеткізген жетістіктеріңізге тоқталмайтындарыңызға сенімдіміз және біз сіздерді келесі жылы республикалық және Халықаралық зияткерлік жарыстардың жеңімпаздары арасында көретін боламыз», — деп атап өтті директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Оспан Рамазан.

2023-2024 оқу жылдың осындай табысты болуына үлес қосқан  мектеп қауымдастығының мүшелеріне алғыс айтамыз!

Біздің соңғы жаңалықтарымыз

Alpamys School. Шексіз мүмкіндіктер әлеміне есік ашыңыз!

Читать

«ALPAMYS — ТЕАТР МЕКТЕБІ» ШАҚЫРАДЫ

Читать

«АЛПАМЫС QAZAQ ONER: ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ОРТАЛЫҒЫ» ШАҚЫРАДЫ!

Читать