Басты бет / Жаңалықтар / «АЛПАМЫС QAZAQ ONER: ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ОРТАЛЫҒЫ» ШАҚЫРАДЫ!

«АЛПАМЫС QAZAQ ONER: ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ОРТАЛЫҒЫ» ШАҚЫРАДЫ!

Жазғы лагердің «Алпамыс Робо-ғалам» атты бірінші маусымы аяқталып, жадымызда жарқын және әсерлі естелік қалдырды!.

Гарри Поттер оқиғалары желісінде ойластырылған лагерьде біздің жас инженерлер мен өнертапқыштар робототехниканың қызықты әлеміне бойлады.  Хогвартстың әртүрлі факультеттерінің жас сиқыршылары Lego Spike Prime көмегімен өздерінің роботтарын жасап, қызықты жарыстарда бақ сынасты.

Балалардың ең батыл идеяларын жүзеге асыруға Alpamys School оқытушылары көмектесті, әр қадамдарында жеткіншектерді шабыттандырып, қолдап отырды.

Біз Жазғы мектептің әрбір қатысушысын мақтан тұтамыз! Олардың білуге деген талабы мен шығармашылығы осы маусымды ерекше етті. Алынған дағдылар мен тәжірибелер балалар үшін робототехника мен инженерияны одан әрі үйренуге тамаша негіз болады деп үміттенеміз.

Алайда, бұл Жазғы мектептің соңы емес! Біз бағдарламасы қызықты оқиғаларға бай келесі маусымға  қызу дайындықты бастап кеттік.

Сіздерге жазғы лагерьдің жаңа маусымын – «АЛПАМЫС QAZAQ ONER: қолөнершілер орталығы» маусымын мақтанышпен ұсынамыз!

Екінші маусым бағдарламасында:

Қазақ қолөнері әлемін зерттеу:  балалар ұлттық ою-өрнектерді ойып, оны әдемі бояуды үйренеді, киіз үй жабдықтарын, зергерлік бұйымдар мен басқа да тұрмысымызда қолданыста болған бұйымдарды жасау техникасын зерделейді.

Қазақ халқының өнерімен танысу: күмбірлеген күміс күйімен, асқақтата салған әсем сазды әнімен танысады, халық әндерін шырқап, қазақ билерін үйренеді.

Шығармашылық қабілеттерін дамыту: балалар сурет салады, мүсіндейді, тігеді, өз қолдарымен ұлттық нақыштағы ерекше заттар жасайды.

«АЛПАМЫС QAZAQ ONER » жазғы лагерінің екінші маусымы бұл:

Ұмытылмас тәжірибе: балалар жаңа білім мен дағдыларға ие болады және жаңа достар табады.

Шығармашылықты дамыту: балалар өздерінің шығармашылық әлеуетін дамытады.

Тарих пен мәдениетке жанасу:  еліміздің ежелден дәріптеп, қастерлеп

келген рухани-мәдени мұрасының тегін тектеу, болмысын тану арқылы ұлттық құндылықтарды меңгеру.

Сондай-ақ «АЛПАМЫС QAZAQ ONER » жазғы лагері мектеп асханасындағы ұлттық тағамдар арқылы  қатысушыларды «дәмді саяхатқа» шақырады! Күн сайын біздің шебер аспаздарымыз хош иісті асылған ет, қызара піскен ыстық бауырсақ, қазақша палау, қуырдақ және тағы басқа әуес асты балаларға сүйіспеншілікпен ұсынады!

Біз 6 жастан 14 жасқа дейінгі барлық тілек білдірген балаларды «Alpamys Qazaq Uber»жазғы лагерінің екінші маусымына қатысып, бірегей әсер алуға шақырамыз!

Сіз балаңыздың ұлт мәдениетімен, тұрмыс-тіршілігімен, салт-санасымен, әдет-ғұрпымен, дәстүрімен таныс болуын  армандайсыз ба?

Онда сізге керегі ұлттық мәдениетіміз бен құндылықтарымызды жаңа заман талабына сай насихаттауға бағытталған » АЛПАМЫС QAZAQ ONER » жазғы лагері!

Балаңызды бүгін » АЛПАМЫС QAZAQ ONER » жазғы лагеріне жазыңыз!

Қосымша ақпарат алу үшін бізге WhatsApp сату тобына хабарлама жіберіңіз. Біз сіздің барлық сұрақтарыңызға қуана жауап береміз және өтінімді рәсімдеуге көмектесеміз. +7 (775) 307-06-33, +7 (777) 177-58-40

Балаңызға ерекше жаз сыйлау мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Біздің соңғы жаңалықтарымыз

Alpamys School. Шексіз мүмкіндіктер әлеміне есік ашыңыз!

Читать

«ALPAMYS – ТЕАТР МЕКТЕБІ» ШАҚЫРАДЫ

Читать

«АЛПАМЫС QAZAQ ONER: ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ОРТАЛЫҒЫ» ШАҚЫРАДЫ!

Читать