Бүгін Alpamys School өз чемпиондарын — робототехника бойынша халықаралық олимпиада жеңімпаздарын — әуежайда үлкен мақтанышпен қарсы алды.
Fibonacci International Robot Olympiad (FIRO) — бұл оқушылар мен студенттерге арналған беделді халықаралық робототехника сайысы. Сайыс инженерлік ойлау, логика және шығармашылықты дамытуға бағытталған.
2026 жылғы 22–26 сәуір аралығында Түркияның Анталья қаласында өткен осы жарысқа 18 елдің командалары қатысты. Біздің оқушылар мен жаттықтырушылар жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды!
Жаттықтырушы: Қыстаубай Ж.Н.
Жаттықтырушы: Надирбеков А.Б.
Жеңімпаз оқушыларымыз бен жаттықтырушыларымызды Халықаралық жарыстағы елеулі жеңістерімен құттықтаймыз!