Alpamys School-да гуманитарлық пәндер онкүндігі аясында әдеби таланттар шоуы өтті. Бұл шарада классикалық шығармалар оқушыларымыздың орындауында жаңа қырынан көрініс тапты.
Оқушыларға сүйікті әдеби кейіпкерлерін XXI ғасыр жасөспірімдерінің көзімен көруге ерекше мүмкіндік берілді. Классикалық шығармалар заманауи тілмен жаңғырып, таныс бейнелер күтпеген жаңа қырларымен ашылды. Бұл көрермендерді таңғалдырумен қатар, қатысушыларды да әдеби сюжеттерді тереңірек қайта ой елегінен өткізуге шабыттандырды.
Жоғары сынып оқушылары әлемдік әдебиеттің таңғажайып әлеміне бойлап, әрбір рөл жеке бір оқиғаға, ал әрбір қойылым шағын жаңалыққа айналды.
Мусанап Жасмин, 10G сынып:
«Балалар эмоцияны соншалықты шынайы жеткізе алды, сондықтан шоу өте жылы әрі әсерлі өтті. Көріністер ойлануға жетелеп, әдеби рухты көтерді».
Ермек Нұрахмет, 10F сынып:
«Мен қатысқан әдеби шоу шабыттандыратын тәжірибе болды — шығармаларды тереңірек оқуға деген ынтам артты. Бағдарламада әрқайсысының өз идеясы мен көңіл-күйі бар 9 көрініс болды. Көрермендер алдында Евгений Онегин мен Татьяна Ларина, А. Островскийдің «Бесприданница» пьесасының, А. П. Чеховтың «Хамелеон» әңгімесінің кейіпкерлері және т.б.көркем шығармалардан үзінділер сахналанды. Біз тек мәтінді емес, эмоция мен мағынаны жеткізуге тырыстық. Көрермендердің мұқият тыңдауы ерекше әсер қалдырды. Бұл керемет тәжірибе және тамаша командалық жұмыс болды!»
Мельник Ксения, 10F сынып:
«Шоудың барлық қойылымдары әсерлі әрі ерекше болды. Әсіресе көрермендер қатысқан интерактив есте қалды. Осындай іс-шараның мектебімізде өткеніне өте қуаныштымын, болашақта да осындай шараларға қуана қатысар едім.»
Әдеби таланттар шоуы нағыз шығармашылық мерекеге айналды. Бұл жерде классика қайта жанданып, оқушылар өздерін жаңа қырынан көрсетті, актерлік қабілеттерін дамытып, сөз құдіретін сезіне алды.