Alpamys School-де өткізілген Ашық есік күні өз балаларына сапалы білім беруге аса үлкен мән беретін 100-ден астам отбасын біріктірді.
Қонақтар мектептің білім беру ортасымен танысып, оқу кабинеттерін аралады, педагогтармен пікір алмасты және оқу бағдарламалары мен мүмкіндіктері туралы толық ақпарат алды.
Басты назар мектеп әкімшілігі өкілдерінің презентациясына аударылды, онда оқу бағдарламалары, мектеп құндылықтары және әр бала үшін жасалатын мүмкіндіктер туралы толық ақпарат берілді.
Іс-шара жылы және конструктивті атмосферада өтті, бұл болашақ 1-сынып оқушыларының ата-аналарына білім ордасымен сапалы әрі жан-жақты танысуға мүмкіндік берді.
Баланың даналығы мен даралығы өсетін мектеп қауымдастығына Сіз де қосылыңыз! Alpamys School-да 1-сыныпқа қабылдау басталды, орындар шектеулі, өтінішіңізді беріп үлгеріңіз!