Жыл сайын Алпамыс мектебінде Халықаралық қарттар күніне арналған қайырымдылық дастарханы ұйымдастырылады. Биыл мектеп 55-тен астам қонақты қарсы алды. Құрметті қонақтар қатарында қалалық «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қарт тұрғындары және Нұра ауданы ардагерлер кеңесінің мүшелері болды.
Қонақтар үшін оқушылар мен ұстаздардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Жоғары сынып оқушылары қарттарды мерекелік дастархан басында ыстық ықыласқа бөлеп, қызмет көрсетті. Alpamys School үшін мұндай кездесулер – бір реттік акция емес, мектеп қауымдастығында қарттарға деген құрмет, алғыс пен қамқорлық мәдениетін қалыптастыратын тұрақты дәстүр.
Қонақтардың жарқын жүздері, дастархан басындағы шынайы әңгімелер мен айтылған алғыс сөздер — игі істер адамдарды біріктіріп, айналаны адамгершілікке толтыра түсетінінің айқын дәлелі.