2025 жыл, 23 мамырда Алпамыс мектебінің жұлдызды екінші түлектері үшін соңғы қоңырау соғылды. Кезекті оқу жылының аяқталуына арналған «Мектеп — әлемнің бастауы» атты салтанатты жиынға 1 сынып оқушылары, 4,9,11 сынып түлектері, олардың ата-аналары мен құрметті қонақтар қатысты.
Биыл мектеп бітіретін түлектер қатарында олимпиадалардың, конкурстардың, спорттық және шығармашылық жарыстардың жеңімпаздары бар:
Салтанатты іс-шараны мектеп директоры Мейрам Жәкенов ашып, 2024-2025 оқу жылында оқушылардың оқу және сабақтан тыс жетістіктерінің жоғары деңгейін ерекше атап өтті. Биыл 429 оқушы рейтингтік конкурстар мен олимпиадаларға қатысып, олардың 181-і жүлдегер атанды:
Мерекелік салтанат барысында «Alpamys School Awards-2025″ сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. .»Жыл оқушысы», «Жыл белсендісі», «Жыл спортшысы», «Жылдың үздік оқырманы», «Жыл зерттеушісі», «Жылдың Арт-жұлдызы» номинацияларының жеңімпаздарын «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғаждембек Қуанышұлы Тұрсынов жеке құттықтады.
Мектептің би студиясы, домбырашылар ансамблі, вокалдық топ орындаған шығармашылық нөмірлер мен түлектердің әсерлі, әсем вальсі мерекеге ерекше рең берді.
Алпамыс оқушыларын құттықтауға келген «Головоломка» мультфильмінің кейіпкерлері: Қуаныш, Қайғы, Ұят және Қобалжу түлектерге барлық сезімдердің маңыздылығын еске салып, болашақ армандарға жетуге ақ жол тіледі. Сондай-ақ, кейіпкерлер түлектерге сәттілік пен жетістіктер әкелетін тілектер жазылған ашық хаттар табыстады.
Соңғы қоңырау соғу құрметі оқу үздігі 11F сыныбының оқушысы Туран Абылайханға және 1F сынып оқушысы, оқу үздігі Аша Жумагалиеваға ұсынылды.
Шаттыққа толы мектеп ауласындағы мереке құттықтаулармен, ыстық тілектермен, фотосессиялармен жалғасты.
Түлектерімізге емтихандарда сәттілік және болашақта үлкен табыс, ал барлық оқушыларға – көңілді жазғы демалыс тілейміз!