Мамыр – оқу жылын қорытындылайтын, жетістіктерді бағалайтын және жеңістерді тізбектейтін қызу науқан. 16 мамырда Алпамыс мектебінде дәстүрлі «Жұлдыздар шеруі» өтіп, мектептің ең талантты, белсенді және ынталы оқушыларын, оқу озаттарын жинады.
90-нан астам дарынды оқушылар түрлі номинациялар бойынша:
Жеңімпаздар мен лауреаттарды құттықтауға құрметті қонақтар — Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары:
Сондай-ақ құрметті қонақтар қатарында Назарбаев Университетінің және University of British Columbia (Канада) түлегі, «Теңізшевройл» ЖШС инженері Святослав Александрович Неживенко болды.
Қонақтар педагогтар мен ата-аналарға алғыстарын білдіріп, оқушылардың жоғары көрсеткіштерін, жетістіктерін, олардың білімге, спортқа және шығармашылыққа деген ұмтылысын атап өтті. «Жұлдыздар шеруі» барысында «Жыл оқушысы» атағына ие болған 10 «А»сынып оқушысы Бақытжан Әмірханның есімі ерекше аталды. Әмірхан Astana FIRST Championship — FIRST Lego League Challenge робототехника халықаралық олимпиадасының өңірлік кезеңінде Бас жүлдені жеңіп алған, 10-11 сыныптар арасында математикадан өткен «Алтын түлек» республикалық олимпиадасында жеңіске жеткен, «Fibonacci International Robot Olympiad» робототехника бойынша халықаралық олимпиадада 1 орын алған зерек те зерделі оқушы.
Мереке барысында мектептің дамуына елеулі үлес қосқан педагогтар да құрмет грамоталарымен марапатталды.
Светлана Анатольевна Зайцева, бастауыш сынып мұғалімі, «Менің үздік сабағым» атты байқау жеңімпазы ретінде естелік кубок пен дипломға ие болды. Светлана Анатольевна – оқушыларының жоғары оқу нәтижелері, ұстаздық шығармашылық көзқарасы, өзіндік идеялары бойынша биыл шығармашылық есеп берген мұғалім.
Евгения Викторовна Капралова балалардың зерттеу қызметін қолдағаны, оқушыларды олимпиадаларға дайындағаны және дарынды балалардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды.
Мереке маңызды жаңалықтарға, қажырлы еңбекке және тамаша жеңістерге толы оқу жылының соңғы жарқын аккордына айналды. Ол Alpamys School — да нағыз жұлдыздар – ынталы оқушылар оқитынын, өз ісіне берілген мұғалімдер жұмыс істейтінін тағы да растады.