31 қазан күні Alpamys School базасында қалалық оқу әдістемелік орталықтың Тәрбие жұмысы бойынша координация және ұйымдастыру бөлімінің әдіскері Күнімбала Ізтелеуқызы Баяхметовамен кездесу өтті.
Іс-шара барысында педагогтар мен сынып жетекшілері тәрбие жұмысының негізгі бағыттарын талқылап, республикалық «Адал азамат» бағдарламасын мектеп тәжірибесіне тиімді енгізу жолдары бойынша өз идеяларымен бөлісті.
Әсіресе, оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымын, отансүйгіштік сезімін және еңбекқорлық қасиеттерін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мазмұнды кездесу барысында мұғалімдер мектепте жүзеге асырылуға ұсынылған: «Қамқор», «Еңбегі адал – жас өрен», «Шабыт», «Ұшқыр ой алаңы», «Smart bala» және «Балалар кітапханасы» жобаларын талқылады.
Кездесу ашық кәсіби диалог форматында өтіп, мектептің тәрбие жүйесін жетілдірудің келешектегі бағыттарын айқындауға ықпал етті.
