Басты бет / Жаңалықтар / ҚОШ БОЛ, БАСТАУЫШ МЕКТЕП!

ҚОШ БОЛ, БАСТАУЫШ МЕКТЕП!

Алпамыс мектебінде 22 мамырда «Қош бол, бастауыш мектеп!» атты салтанатты шара өтті. Мереке  жүзден аса 4-сынып оқушыларының білім іргетасын қалаған бастауыш мектепті бітіру құрметіне арналды.

 

Балалармен осы маңызды сәттегі қуанышты бөлісу үшін мектептің акт залында түлектердің ата-аналары, ата-әжелері жиналды.

 

Мереке білім әлемінің есігін ашқан алғашқы ұстаздарына арналған ыстық ықыласқа толы сөздермен, төрт жыл бойы балаларының жетістіктерін қолдап, шабыттандырған ата-аналарға арналған өлеңдермен, әндермен сүйемелденді.

 

Жас өнерпаздар қонақтарды көңілді сахналық қойылымдармен, әсем билермен және шығармашылық нөмірлермен қуантып, өздерінің өнері мен шығармашылық даралықтарын көрсетті. Әсіресе бастауыш сыныптардағы мектеп өмірі туралы баяндайтын презентация мерекенің көңіл тебірентерлік  сәті болды.

 

Мектеп директоры Мейрам Әміржанұлы Жәкенов  білім жолын бастаған кезеңнің маңыздылығын атап өтіп, балаларға негізгі мектепте табыс, сенімді бастамалар, ашатын жаңалықтардың көп болуын тіледі.

 

Сынып жетекшілері оқушыларды оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтап, олардың жетістіктеріне  деген мақтанышын білдірді. Ата-аналар өз кезегінде балаларының жарқын келешегіне сенетінін айтып, мұғалімдер мен мектеп ұжымына алғыстарын жеткізді.

 

Мереке соңында түлектерге оқудағы жетістіктері және мектеп өміріне белсенді қатысқаны үшін мадақтамалар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

 

«Тарыдай» боп мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер кезекті білім сатысына көтеріліп, келесі оқу жылында  негізгі мектептегі жаңа, қызықты тарауды  бастайды.

Біздің соңғы жаңалықтарымыз

«УАҚЫТ САЯХАТШЫЛАРЫ»

Читать

«МЕКТЕП – ӘЛЕМІМНІҢ БАСТАУЫ» — АЛПАМЫС МЕКТЕБІНДЕГІ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ МЕРЕКЕСІ

Читать

ҚОШ БОЛ, БАСТАУЫШ МЕКТЕП!

Читать