Төл тарихымыздағы орны ерекше маңызды мереке — Жеңіс күні жақындап қалды. Мереке қарсаңында Алпамыс мектебінде Ұлы Отан соғысына қатысқан ерлердің ерен ерлігін еске алуға арналған «Менің батырым – менің атам» атты патриоттық жоба басталды.
Жобаның мақсаты – ұрпақтар арасындағы сабақтастықты қалыптастыру, аталарымыздың ерлікке толы өткенін баяндау. Оқушылар жауынгер аталары жайлы әңгімелермен, естеліктермен танысады, майданнан келген хаттарды, фотосуреттерді қызығушылықпен жинақтайды, елі мен жері үшін шайқасқан ерлерге өлеңдер мен шығармалар арнайды.
Мектеп оқушылары іске ынтамен кірісті. Жобаға қатысу барысында олар шығармашылық жұмыстар дайындаумен қатар өздерінің тегі, отбасы тарихы туралы көптеген маңызды мәліметтерді білді.
Мысалы, 1 «F» сыныбының оқушысы Анискина Дея өзінің үлкен аталары туралы мақтанышпен айтады. Үлкен нағашы атасы — Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлы, Қазақстан Республикасы армиясының генералы, Кеңес Одағының Батыры. Ол Гитлердің Рейх канцеляриясын алуға қатысқан батальон құрамында соғысты Берлинде аяқтаған. Деяның үлкен аталары да Жеңіске айтарлықтай үлес қосқан: Мәжитов Шәкен Мәжитұлы Тадеуш Костюшко атындағы 1-ші поляк дивизиясының құрамында соғысса, Анискин Петр Григорьевич II Беларусь майданының 268-ші атқыштар дивизиясы ротасының командирі болған.
2 » Ғ » сыныбындағы Тимур Кимнің үлкен атасы Жантурин Мырзағали 1-ші Украина майданының 788-ші атқыштар полкінің жауынгері болған. Ауыр жарақат алғанына қарамастан, неміс дзотын басып алу кезінде ерекше батылдық танытып, «За отвагу» медалімен марапатталған атасын Тимур мақтан тұтады.
Қазір мектепте материалдарды жинау қарқынды жүргізілуде. Ең әсерлі және қызықты оқиғалар Жеңістің 80 жылдығына арналған «Құрмет қабырғасына» ілінеді.
«Менің батырым – менің атам» жобасы әр отбасының тарихына жасалған қызықты саяхат болды. Біз аталарымыздың Отансүйгіштігі, елі үшін жасаған ерлігін алдында бас иеміз.
«Менің батырым – менің атам» жобасына қосылыңыз!
Ұлы Отан Соғысына қатысқан жақындарыңыз туралы айтып беріңіз, шабыттандыратын ерлігі жайлы ақпаратпен бөлісіңіз.
Тарихымызды бірге сақтайық!