Басты бет / Жаңалықтар / Мектеп мақтанышы — Робототехника чемпиондары

Мектеп мақтанышы — Робототехника чемпиондары

2024 жылғы 21-22 желтоқсанда «Астана дарыны» дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы  мен «ROBOTEK» робототехника мектебі бірлесіп ұйымдастырған»Robotek Grand Tournament» қалалық чемпионаттың іріктеу туры өтті.

Чемпионаттың мақсаты — роботтарды жобалау және бағдарламалау, инженерлік ғылымдар, бағдарламалау, басқа да заманауи технологиялар саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.

Чемпионатқа 7 номинация бойынша 10-17 жас аралығындағы оқушылар командалары қатысты. Alpamys School командасы чемпионатта өте жақсы нәтиже көрсетті: 5 «F» сынып оқушылары Наурыз Асанәлі, Махеня Данил 1 жүлделі орынға ие болды. Жетекшісі: Қыстаубай Жандос Нұрболұлы. 6 «А» -сынып оқушысы Болат Балауса Надирбеков Әзілхан Булатұлының  жетекшілігімен 2 жүлделі орынға иеленді.

Біз жеңімпаздарымызды мақтан тұтамыз!

Мектебімізді чемпионатта жеңіс тұғырына көтерген жас техниктерімізге және олардың тәлімгерлеріне жоғары жетістіктері үшін алғыс айтамыз!

Біздің соңғы жаңалықтарымыз

АЛПАМЫС МЕКТЕБІНДЕГІ ЖАРҚЫН МЕРЕКЕ

Читать

КІТАППЕН БІРГЕ — ДАНАЛЫҚ БИІГІНЕ

Читать

IDEA FAIR ALPAMYS SCHOOL: ЖАҢАЛЫҚ АШАТЫН ОРТА

Читать