Басты бет / Жаңалықтар / IDEA FAIR ALPAMYS SCHOOL: ЖАҢАЛЫҚ АШАТЫН ОРТА

IDEA FAIR ALPAMYS SCHOOL: ЖАҢАЛЫҚ АШАТЫН ОРТА

Жыл сайын қаңтар айында Alpamys School қабырғасында Idea Fair («Идеялар Жәрмеңкесі») өтеді. Бұл — оқушылардың зерттеушілік және жобалық құзыреттерін дамытуға бағытталған мектеп өміріндегі  аса маңызды оқиға.

28 қаңтар мен 3 ақпан аралығында оқушылар  зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен бөлісіп, авторлық идеяларын, жаңалықтары мен шешімдерін ұсынады.

Ағымдағы оқу жылында жәрмеңкеде 300-нен астам оқу-зерттеу жұмысы ұсынылды. Жобалар жаратылыстану-ғылыми, математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарды қамтиды.

Жұмыс тақырыптары балалардың қызығушылығы, ізденімпаздығы және оларды шын мәнінде толғандыратын мәселелерді шешуге деген ұмтылысы негізінде таңдалған.

Әрбір қатысушы өз жобасын жеке стендте таныстырады. Мұнда графиктерді, макеттерді және түрлі көрнекі материалдарды көруге болады. Сараптамалық комиссия ұсынылған жұмыстармен мұқият танысып, тақырыптың өзектілігін, орындалу сапасын және шығармашылық көзқарасты бағалайды.

Жобаларды қорғау — тек нәтижені көрсету ғана емес, сонымен қатар маңызды тәжірибе. Идеялармен таныстыру барысында оқушылар көпшілік алдында сенімді сөйлеуді, өз ойларын анық жеткізуді және сыни ойлауды үйренеді.

«Идеялар Жәрмеңкесі»  Алпамыс мектебінің оқушыларына зерттеушілік қызметтегі алғашқы қадамдарын жасауға, шығармашылық әлеуетін ашуға және жаңа жаңалықтарға апарар жолда мұғалімдер мен ата-аналардың қолдауын сезінуге мүмкіндік береді.

Біздің соңғы жаңалықтарымыз

АЛПАМЫС МЕКТЕБІНДЕГІ ЖАРҚЫН МЕРЕКЕ

Читать

КІТАППЕН БІРГЕ — ДАНАЛЫҚ БИІГІНЕ

Читать

IDEA FAIR ALPAMYS SCHOOL: ЖАҢАЛЫҚ АШАТЫН ОРТА

Читать