ФУТБОЛ СЕКЦИЯСЫ

Бастауыш сынып оқушыларына арналған футбол спорт секциясының бағдарламасы балалардың жан-жақты дамуына, салауатты өмір салты құндылықтарын қалыптастыруға ықпал етеді. Секция оқушылады ойын ережелерін түсінуге, футболдың негізгі техникалық және тактикалық дағдыларын: пас беру, соққы жасау, допты қабылдауды игеруге үйретеді.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ:

• Физикалық даму: футбол жаттығулары арқылы үйлесімділікті, төзімділікті, күш пен икемділікті дамыту.
• Әлеуметтену және командалық дағдыларды дамыту: бірлескен жаттығулар мен жарыстарға қатысу арқылы ынтымақтастық, серіктестерді құрметтеу, көшбасшылық сияқты әлеуметтік маңызды дағдыларды дамытуды қолдау.
• Жеке қасиеттерді дамыту: оқушыларды жаттығулар мен жарыстарға қатысу арқылы тәртіпке, табандылыққа, өршілдікке және өзін-өзі тәрбиелеуге ынталандыру

БАҒДАРЛАМА ҚҰРЫЛЫМЫ:

• Техникалық жаттығулар: техникалық дағдыларды игеру және жетілдіру - соққылар, пас беру, допты қабылдау, дриблинг және басқалар.
• Тактикалық жаттығулар: ойынның тактикалық аспектілерін түсіну, соның ішінде алаңға орналасу, серіктестермен қарым-қатынас, шабуыл және қорғаныс стратегиялары.
• Жаттығулар мен жарыстар: дене шынықтыру және ойын жаттығулары арқылы дене шынықтыру, қимыл-қозғалыстар үйлесімділігін дамыту.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР:

• Дене келбетін жақсарту: оқушылардың шынығу, қажыр-қайраты мен төзімділік деңгейін арттырады.
• Футбол дағдыларын меңгеру: футбол ойнаудың негізгі және жетілдірілген техникалық және тактикалық дағдыларын игереді.