Басты бет / Жаңалықтар / АНТАЛЬЯДА — ЖЕҢІС, РИМГЕ ЖОЛДАМА!

АНТАЛЬЯДА — ЖЕҢІС, РИМГЕ ЖОЛДАМА!

Елордалық Alpamys мектебінің оқушылар командасы Антальяда өткен Fibonacci International Robot Olympiad Халықаралық робототехника олимпиадасынан жеңіспен оралды.

 

Fibonacci International Robot Olympiad — робототехника бойынша Еуразия чемпионатының сериясына кіретін ең беделді халықаралық жарыстардың бірі. Биылғы жылы олимпиада 13 елден 500-ден астам команда жинап, әлемнің түкпір-түкпірінен ең талантты мектеп оқушыларын, жас инженерлерді және болашақ инноваторларды біріктірді. Қатысушылар 21 номинация бойынша – LEGO Sumo, дрон-ралли және басқа да жоғары технологиялық бағыттарда бақ сынасты.

 

Алпамыс командасының құрамы мен жетістіктері:

 

FootBot Lego League (5–8 сыныптар)

  • Науруз Асанали (5F) — I орын
  • Махеня Данил (5F) — II орын
  • Тәжібай Шахназар (5F) — III орын

 

1kg LEGO Sumo (9–11 сыныптар)

  • Бахытжан Әмірхан (10А) — I орын
  • Әли Әкежан (10А) — “Jury Award” марапаты

 

3kg LEGO Sumo (9–11 сыныптар)

  • Ахметов Даниал (10А) — I орын

 

3kg LEGO Sumo (университет/колледж – 18+)

  • Информатика пәнінің мұғалімі Надирбеков Азилхан Булатович — I орын

 

Команда жетекшілері: Қыстаубай Жандос және Надирбеков Азилхан.

 

Біздің команда креативті инженерлік ойлауды және нағыз командалық рухты таныта отырып, олимпиаданың Римде өтетін әлемдік кезеңіне жолдама жеңіп алды! Алпамыс мектебінің халықаралық деңгейдегі алғашқы үлкен жеңісі мектеп тарихындағы елеулі оқиға болды.

 

Мектеп командасына беделді олимпиаданың финалына сапалы дайындық тілей отырып,  жоғары нәтиже  көрсетеді деп сенім артамыз!

 

Біздің оқушылардың жетістігі туралы Tengrinews.kz ақпараттық порталы да хабарлады.

Біздің соңғы жаңалықтарымыз

АНТАЛЬЯДА — ЖЕҢІС, РИМГЕ ЖОЛДАМА!

Читать

«Менің батырым – менің атам»: Жеңіс күніне арналған мектеп жобасы

Читать

ҚАҒАЗ ҰШАҚТАР ТУРНИРІ: ЖҰЛДЫЗДАРҒА ҚАДАМ

Читать