Басты бет / Жаңалықтар / «АЛТЫН САҚА» МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ

«АЛТЫН САҚА» МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ

1 қазанда Алпамыс мектебінде 5-6-сынып оқушыларына арналған республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті.

Олимпиадаға математика пәніне қызығушылық танытқан 40-тан аса оқушы қатысты. Есепке жүйрік, қабілетті балаларды анықтау, мектептегі олимпиада резервін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған білім сайысы алдын ала бекітілген жоспар бойынша өткізілді.

Оқушыларды математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландырған олимпиаданың тапсырмалары үш бөлімнен тұрды.  Қатысушылар бөлінген 60 минутта ең көп дегенде 100 балл жинап, математикалық білімнен басқа логикалық ойлау деңгейін көрсетуі тиіс.

Мектепішілік кезеңнен жоғары ұпай жинаған оқушылар аудандық кезеңге жолдама алады.

 

«Алтын сақа» олимпиадасының нәтижесі

Біздің соңғы жаңалықтарымыз

28.08.2026

МЫҚТЫ КОМАНДА. ҮЛКЕН МАҚСАТТАР. ЖАҢА БАСТАУ.

Читать

01.09.2026

АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ. АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ. ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ.

Читать

Алпамыс мектебінің 2026 жылғы түлектері аттестат алды

Читать