Біздің оқушылар жақында беделді халықаралық робототехника олимпиадасынан жүлдемен оралды!
Қараша айының соңында Рим қаласында 18 елдің талантты жас инженерлерін біріктірген ең ірі әлемдік жарыстардың бірі — Fibonacci International Robot Olympiad 2025 финалы өткен болатын.
Бұл олимпиада Алпамыс командасы үшін инженерлік дағдыларын шыңдауға, мықтылармен сынға түсуге, баға жетпес тәжірибе жинауға, жаңа жетістіктерге шабыт берген ерекше мүмкіндік болды.
1 желтоқсанда Alpamys School қабырғасында Fibonacci International Robot Olympiad байқауында жоғары нәтижелерге қол жеткізген оқушыларды марапаттауға арналған салтанатты рәсім өтті.
Мектеп директоры М.А. Жакенов олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтады:
Мейрам Әміржанұлы олардың еңбексүйгіштігін, табандылығын және дамуға деген ұмтылыстарын ерекше атап өтіп, 2025 жылдың 1 желтоқсанынан 2026 жылдың мамырына дейінгі кезеңде Alpamys School-да оқу ақысына 50% жеңілдік беретін Сертификаттарды табыс етті.
Біз оқушыларымыздың жетістіктерімен шын жүректен мақтанамыз және оларды болашақта жаңа биіктер, жарқын жаңалықтар мен технологиялар әлеміндегі зор мүмкіндіктер күтіп тұрғанына сенімдіміз!