Басты бет / Жаңалықтар / АЛПАМЫС МЕКТЕБІНІҢ ТУҒАН КҮНІ: БІЗГЕ 7 ЖЫЛ!

АЛПАМЫС МЕКТЕБІНІҢ ТУҒАН КҮНІ: БІЗГЕ 7 ЖЫЛ!

11 қараша Alpamys School үшін ерекше әрі маңызды күн болды — алтын ұя мектебімізге 7 жыл толды. Жеті жыл ішінде мектеп әрбір оқушыға өсуге, өзіне деген сенімділікті арттыруға және табысқа жетуге мүмкіндік беретін заманауи, қарқынды дамып келе жатқан білім кеңістігіне айналды. Бүгінде Alpamys School толық күн форматына негізделіп жұмыс істейтін, 1000-нан астам оқушысы бар, жыл сайын оқушылар саны артып келе жатқан білім ошағы.

Мектептің туған күніне орай «Moments we’ll never forget» атты фотокөрме ұйымдастырылды. Онда мектеп өміріндегі  елеулі оқиғалар, жарқын сәттер көрініс тапты. Көрме Alpamys School-ды жылылықтың, достықтың және шабыттың мекені ететін сәттерді айқын көрсетті.

Таңертең оқушылар мен мұғалімдерді Алпамыс батырдың өзі қарсы алып,  оларға мерекелік көңіл күй сыйлады.

Мерекенің ерекше көркі мектептің жас таланттары: әншілер, музыканттар және түрлі шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары дайындаған концерттік бағдарлама болды. Жас өнерпаздар музыкалық аспаптарда ойнап, би биледі, ән салып көрермендерге туған күн тартуын жасады.

Күні бойы мерекелік фотоаймақ жұмыс істеп, оқушылар достарымен, ұстаздарымен суретке түсті. Ал құттықтау қабырғасында әрбір адам мектепке және педагогикалық ұжымға арналған жылы лебіздері мен ізгі тілектерін қалдырды.

Мектептің туған күні біздің қауымдастықты біріктірген, сондай-ақ Alpamys School-ды мықты әрі біртұтас ететін құндылықтарды еске салған ерекше күн болды.

Біздің соңғы жаңалықтарымыз

АЛПАМЫС МЕКТЕБІНДЕГІ ЖАРҚЫН МЕРЕКЕ

Читать

КІТАППЕН БІРГЕ — ДАНАЛЫҚ БИІГІНЕ

Читать

IDEA FAIR ALPAMYS SCHOOL: ЖАҢАЛЫҚ АШАТЫН ОРТА

Читать