18 маусымда Алпамыс мектебінде 9 және 11 сынып бітірген оқушыларға аттестаттар тапсыру рәсімі өтті. Биылғы жылы мектеп екінші рет орта білім алған түлектерін ұядан ұшырып отыр. «Alpamys Stars» атауымен мектептің акт залында өткен маңызды іс-шараға оқушылар, ата-аналар, ұстаздар және арнайы қонақтары жиналды.
Салтанатты шараның мәртебелі қонақтары:
Әліби Құрманалыұлы Байтұрин-Басқарма Төрағасының кеңесшісі және Астана Халықаралық университетінің әзірлеу және зерттеу орталығының директоры;
Қайрат Амангелдіұлы Әбдірахманов — Astana International University Вице-президенті, «Астана»халықаралық ғылыми кешенінің президенті.
Құрметті қонақтар түлектерді маңызды кезеңмен құттықтап, түлектерге сенімділікпен алға басып, өз жолдарын табуға тілектестік білдірді.
Салтанатты рәсім Алпамыс мектебіндегі академиялық жылдың жарқын көрінісі болды. Мерекеге жиналғандардың қызу қолдауымен оқуда, спортта, шығармашылықта, қоғамдық жұмыстарда ерекшеленіп, өзін көрсете білген түлектер сахна төріне көтерілді. Құрметті номинациялар:
Education Star – оқудағы озық жетістіктері үшін,
Sport Star — спорттағы жетістіктері үшін,
Art Star – шығармашылық жетістіктері үшін,
Social Star – әлеуметтік жобалар мен еріктілер бастамаларына қосқан үлесі үшін мектеп бітірушілерге аттестаттар мен арнайы естелік сыйлықтар табыс етілді.
Бұл марапаттар — түлектердің табандылығы мен жауапкершілігін, сондай-ақ өзін-өзі дамытуға деген талпынысын айғақтайды.
Мұғалімдер мен қонақтардың ыстық ықыластары, жас өнерпаздардың музыкалық тартуы, түлектер мен олардың ата-аналарының эмоциялары бұл күнді ерекше әсерлі етті.
Біз әрбір мектеп бітіруші түлегімізді мақтан тұтамыз, өйткені ол — Alpamys мектебінің жұлдызы. Жұлдызың үлкен жетістіктерге шабыттандырып, арманға апаратын жолды жарықтандырсын дейміз!
Ақ жол, түлектер!