Басты бет / Жаңалықтар / «АЛПАМЫС» МЕКТЕБІНДЕГІ КҮЗГІ АРТ-ПИКНИК

«АЛПАМЫС» МЕКТЕБІНДЕГІ КҮЗГІ АРТ-ПИКНИК

Alpamys School қабырғасында ерекше өнер сабағы – «Күзгі арт-пикник» өтті.

Бұл күні оқушыларға шабыт сыйлаған қонақ – мектептің жақын досы, танымал суретші, кескіндемеші, мүсінші әрі дизайнер Тілеужан Бағыбайұлы Батанов болды. Шығармашылықтың шын жанашыры саналатын суретші ұзақ жылдар бойы ұстаздық етіп, талай буын суретшілер мен дизайнерлерді тәрбиелеп өсірген. Тілеужан Бағыбайұлының балалармен мектептегі әр кездесуін қиял мен өнердің мерекесі десе болады.

Сабақ барысында жас суретшілер шебердің жетекшілігімен өнердің тылсым әлеміне еніп, күзгі табиғаттың әсем бояуларын қағаз бетіне түсіруге тырысты. Балалар ерекше ынтамен пейзаждар салып, алтын күздің көркем сәттерін бейнелеуге тырысты. Әрбір суретте олардың қиялы, көңіл-күйі және сұлулыққа деген сүйіспеншілігі көрініс тапты.

«Күзгі арт-пикниктің» қорытындысы ретінде оқушылардың жұмыстарынан көрме ұйымдастырылды. Көрмеге қойылған әр туынды арқылы көрермендер баланың көзімен қарағандағы күзгі әлемнің алуан түрлі әрі қайталанбас бейнесін тамашалады.

Біздің соңғы жаңалықтарымыз

Ізгілік дәстүрі: Alpamys School-да қайырымдылық дастарханы

Читать

ALPAMYS SCHOOL ҰСТАЗДАР КҮНІ: АЛҒЫС ПЕН ҚҰРМЕТ МЕРЕКЕСІ

Читать

03.10.2025

«АЛПАМЫС» МЕКТЕБІНДЕГІ КҮЗГІ АРТ-ПИКНИК

Читать