 
						ФОРТЕПИАНО МЕКТЕБІ
"Фортепиано мектебі" - оқушылардың музыкалық қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында құрылған, фортепианода ойнау дағдыларын игеруге мүмкіндік беретін үйірме. Бағдарламаға қатысу оқушыларға өнер әлемінде жаңа көкжиектер ашады.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ:
						•	Музыкалық қабілет және фортепианода ойнау дағдыларын дамыту.
•	Оқушылардың эстетикалық талғамы мен көркемдік мәдениетін қалыптастыру, музыкалық өнерге деген қызығушылығын тәрбиелеу.
•	Музыкалық теория мен музыкалық сауаттылық негіздерін оқыту.
•	Әр қатысушының шығармашылық әлеуетін қолдау және дамыту.					
БАҒДАРЛАМА ҚҰРЫЛЫМЫ:
						•	Музыкалық сауаттылық, фортепианода ойнау  негіздерімен танысу және ойын техникасын практикалық оқыту.
•	Әр түрлі стильдер мен жанрлардағы музыкалық шығармалармен танысу.
•	Музыкалық қабілет және көркемдік орындауды дамыту бойынша жұмыс.
•	Көрермендер алдында өнер көрсету тәжірибесі.					
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР:
						•	Фортепиано тарту дағдыларын игеріп, музыкалық талантты дамытады.
•	Музыкалық теория мен үйлесімділік негіздерін түсінеді.
•	Әр түрлі музыкалық шығармаларды ойнай біледі және көрермендер алдында өнер көрсетеді.